«Ақмола облысы білім басқармасының Сандықтау ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесіне
Государственное учреждение «Отдел образования по Сандыктаускому району управления образования Акмолинской области»

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Қорғаншылық және қамқоршылық туралы анықтамалар беру

31.01.2024

Қаңтар 2024 ж.

 

«Ақмола облысы білім басқармасының Сандықтау ауданы бойынша білім бөлімі» ММ «Қорғаншылық және қамқоршылық туралы анықтамалар беру» мемлекеттік қызметін көрсетеді. Көрсетілген қызмет «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі № 88-V Қазақстан Республикасының Заңына, Қазақстан Республикасының Білім министрінің 2020 жылғы 24 сәуірдегі № 158 бұйрығына сәйкес көрсетіледі. Отбасы және балалар саласында мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралы.

 

«Қорғаншылық және қамқоршылық туралы анықтамалар беру» мемлекеттік қызметін онлайн алу үшін мыналар қажет:

  1. Порталға кіріп, «Қызметке онлайн тапсырыс беру» түймесін басу;
  2. Өтінішті толтырып, оған электронды қолтаңбамен немесе SMS пароль көмегімен тіркелу (міндетті түрде ұялы телефонында азаматтың тіркеу базасы  болу керек):

 

Бұл қызмет толығымен автоматтандырылған. Көрсету мерзімі 30 минут.

 

Порталға кіру кезінде мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі:

Қорғаншылық және қамқоршылық туралы анықтама немесе мемлекеттік қызметтерді көрсетуге қойылатын талаптардың 9-шы тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызметтерден бас тарту туралы дәлелді жауап.

Порталда мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі жіберіледі және көрсетілген қызметті алушының «жеке кабинетінде» сақталады.

 

Мемлекеттік қызметтерден бас тарту үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген негіздер:

  1. Республикалық деректер банкінде жетім балалардың, ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалардың және балаларды өз отбасына қабылдауға тілек білдірген адамдардың қорғаншысы немесе қамқоршысы туралы мәліметтердің болмауы;
  2. «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Қазақстан Республикасы заңының 8-бабына сәйкес көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметіті көрсету үшін қажетті шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге келісімінің болмауы.

 

          Басқа талаптар мемлекеттік қызметтерді көрсету ерекшеліктерін ескере отырып, оның ішінде электрондық түрде көрсетілетін қызметтерді көрсету нысаны: қызметті алушыда бар порталдың «жеке кабинеті», көрсетілетін қызметті берушінің (анықтамалық қызметтері), сондай-ақ (бірыңғай байланыс орталығы) «1414»,  арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты алу мүмкіндігі 8-800-080-7777.

            Халықты мемлекеттік қызметтерді көрсету туралы ақпараттандыру мақсатында материал «Ақмола облысы білім басқармасының Сандықтау ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің интернет-ресурсында sanroo94@mail.ru электрондық пошта мекенжайы бойынша орналастырылған, ақпараттық стендтерде және әлеуметтік желілерде. Қызметтерге қатысты сұрақтар бойынша мемлекеттік қызметтерге хабарласу үшін 9-14-72  телефон нөміріне хабарласыңыз.

 

             Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі: Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда сағат 9:00- ден 18:30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13:00-ден 14:30-ға дейін.

 

 



Добавить комментарий



Включить данные в подпись
Жаңартылған күні: 31.01.2024 09:31
Құрылған күні: 31.01.2024 09:31

Текст