«Ақмола облысы білім басқармасының Сандықтау ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесіне
Государственное учреждение «Отдел образования по Сандыктаускому району управления образования Акмолинской области»

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Сандықтау ауданы бойынша педагогикалық еңбек ардагерлер кеңесі №2

     Педагогикалық еңбек ардагерлері кеңесінің отырысында келесі мәселелер қаралды:

  1. Аудандағы мектептердің ардагерлер ұйымдарының және олардың төрағаларының тізімін бекіту.
  2. Педагогикалық еңбек ардагерлері Кеңесінің 2023-2024 жылдарға арналған жұмыс жоспары туралы. Бірінші мәселе бойынша Кеңес мүшесі Л.А.Деобальдты тыңдады, ол Кеңеске аудан мектептерінің бастауыш ардагерлер ұйымдарының құрамы және олардың төрағалары мен орынбасарларын сайлау туралы ақпарат берді. Екінші сұрақ бойынша ардагерлер Кеңесінің төрағасы Л.П.Петрованы тыңдадық, ол Кеңестің 2023-2024 жылдарға арналған жұмысына келесі мәселелерді ұсынды.
  1. Ардагер ұйымдарының оқу жылының басталуын атап өтуге қатысуды;
  2. «Ұстаздар күні» кәсіби төл мерекесін атап өтуге;
  3. «Қарттар күні»-не арналған айлық және оған ардагерлер ұйымдарының қатысуы. Кеңес мүшелерінің аудан мектептеріндегі іс-шараларға саяхаты;
  4. Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған ардагерлер Кеңесінің кеңейтілген отырысы. Сандықтау ауданының білім беру жүйесіндегі 40 жылдық еңбегі үшін Қазақстан Республикасы Білім министірлігінің Алғыс хатымен марапатталған ұстаздық еңбек ардагерлеріне құрмет көрсету, «Жүректен сөйлесейік» атты дөңгелек үстел отырысы;
  5. Ұстаздық еңбек ардагерлерің жаңа жыл мерекесімен құттықтауды ұйымдастыру;
  6. Аудандағы мектептердегі ардагер ұстаздар арасынан тәлімгерлердің жұмысын қадағалау;
  7. Жұмыс өтілі 5 жылдан аспайтын жас мұғалімдер арасында «Жыл мұғалімі – 2024» аудандық байқауын өткізу туралы (2024 жылдың қарашасы);
  8. Ұстаздық еңбек ардагерлерінің аудандық «Мұғалім – 2024» спартакиадасына қатысуы (мамыр);
  9. Ардагерлердің оқу жылының аяқталуына арналған іс-шараға қатысуы (түлектердің кеші);
  10. Ұстаздық еңбек ардагерлерінің Астана қаласына туристік сапарлары;
  11. Педагогикалық еңбек ардагерлер Кеңесі мүшелерінің 2023-2024 жылдары атқарылған жұмыстары туралы есебін тыңдау және 2024-2025 жылдарға арналған жұмыс жоспарын бекіту (қыркүйек).

 

 

 

     Педагогикалық еңбек ардагерлері кеңесінің төрағасы Л.П.Петрова.

 

 

 

 

 

Жаңартылған күні: 02.02.2024 12:13
Құрылған күні: 02.02.2024 12:13

Текст