2023 жылдың 15 желтоқсаныңда Тәуелсіздік күні қарсаныңда ауданның өнер орталығында аудан әкімі Ербол Жүсіпбековтың қатысуымен педагогикалық еңбек ардагерлерінің кеңейтілген кеңесі өтті. Білім саласында 40 жыл және одан да көп жылдар бойы сіңірген еңбектері үшін ерекше алғыс ретінде 61 ардагерге Қазақстан Республикасының Білім министірлігінің Алғыс хаттары табыс етілді.
Құрмет марапаттауларды Сандықтау ауданының әкімі Е.К.Жүсіпбеков, Сандықтау ауданының білім бөлімінің басшысы А.О.Абенова, Сандықтау ауданының білім қызметкерлері кәсіподағының төрайымы М.М.Аубаева табыс етті. Мереке соңында «Шың жүректен сөйлесейік» атты дөңгелек үстел ұйымдастырылып, концерттік бағдарлама мен мерекелік шай ішілді. Дөңгелек үстелді өткізген Педагогикалық еңбек ардагерлері кеңесінің төрағасы Л.П.Петрова, оның барысында 12 педагогикалық еңбек ардагерлері туған мектептеріндегі еңбектері туралы естеліктерімен, қызықты сабақтармен, ата-аналармен, оқушылармен өткізілген іс-шаралардың құпияларын ашып, балаларға арнаған өлеңдерін оқып, мектептерге ән шырқап, байқауларға қатысқандары туралы бөлісті.