«Ақмола облысы білім басқармасының Сандықтау ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесіне
Государственное учреждение «Отдел образования по Сандыктаускому району управления образования Акмолинской области»

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Бірінші бағыт: бағдарламаға қатысушыларды техникалық және кәсіптік біліммен қамтамасыз ету

Өнімді жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының негізгі ережелері.

         Техникалық және кәсіптік білім Бағдарламаға қатысушыларға мамандықтар тізбесіне сәйкес тегін беріледі.

         ТжКБ-мен кадрлар даярлау бағдарламасының қатысушылары 9-11 сынып түлектері және қиын өмірлік жағдайда тұрғандар қатарынан жұмыс іздеп жүрген оқу орындарына түспеген тұлғалар және аз қамтамасыз етілген отбасы мүшелері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өзге де санаттағы азаматтар болып табылады.

         Азаматтардың өзге санаттарына:

  1. Көп балалы отбасы балалары;
  2. Атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар, сондай-ақ мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын отбасылардың балалары;
  3. Денсаулық жағдайына байланысты ұзақ уақыт бойы бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру бағдарламалары бойынша үйде немесе стационарлық көмек, сондай-ақ қалпына келтіру емі мен медициналық оңалту көрсететін ұйымдарда оқитын балалар;
  4. Жетім балалар, ата - анасының қамқорлығынсыз қалған балалар;
  5. Даму мүмкіндігі шектеулі балалар;
  6. Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталықтарындағы балалар жатады.

ТжКБ бар кадрларды даярлау бағдарламасына қатысушылар оқуға ақы төлеу, бір рет ыстық тамақпен, стипендиямен, жол жүрумен мемлекеттік қолдаумен қамтамасыз етіледі.

         Бағдарламаға қатысушылар ҚР БҒМ-нің 2016 жылғы 22 қаңтардағы №65 бұйрығымен бекітілген техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беруге арналған оқыту мерзімдері мен білім беру деңгейлері бойынша кәсіптер мен мамандықтар тізбесіне сәйкес тегін негізде жұмыс біліктіліктеріне оқытылады.

         Мамандықтар мен кәсіптер тізбесі жергілікті атқарушы органдар жүргізетін өңірдің еңбек нарығы қажеттілігінің талдауы мен болжамын ескере отырып айқындалады.

         ТжКБ-мен кадрлар даярлаудың ұзақтығы білім беру бағдарламаларында көрсетілген мерзімдерге сәйкес таңдалған мамандыққа байланысты.

         Оқуды аяқтаған және біліктілік емтиханынан өткен бағдарламаға қатысушыларға білім беру саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіпке сәйкес техникалық және кәсіптік білімі туралы диплом, біліктілік беру туралы сертификат беріледі.

         Барлық сұрақтар бойынша «Сандықтау ауданының білім бөлімі» ММ-нің 92672 телефоны бойынша хабарласыңыз.

Жаңартылған күні: 19.05.2020 09:11
Құрылған күні: 19.05.2020 09:11

Текст