2019 жылдың 10 сәуірінде Балкашин №1 орта мектебінде «Инновациялық қызмет арқылы білім сапасын жоғарлату» тақырыбында екі бағыт бойынша, «Мирас»бала бақшасының базасында «Мектепке дейінгі ұйымдар жобалау және зерттеу жұмыстары» тақырыбында облыстық семинар өтті семинарды мақсаты: мектепке дейінгі ұйымдардардағы жобалық-зерттеу жұмыстарын зерттеу; Білім берудің жаңартылған мазмұнын жаңартудың өзекті сұрақтары бойынша білім беру мекемелерінің инновациялық қызметін зерттеу; құқықтық құжаттарды жүйелеу, оқу үрдісін қолдауға әдістемелік көмек көрсету. Семинарларға жалпы білім беретін мектептердің 80 мұғалімі және мектепке дейінгі ұйымдардың 41 тәрбиешісі қатысты. Балкашин №1 ОМ мұғалімдері мен «Мирас» бала бақшасының мұғалімдері ашы сабақтар өткізді. Семинарды Ақмола облысы білім беру басқармасының оқу-әдістемелік кабинетінің мамандары ұйымдастырды: Кушпаева Гульнар Буркутбаевна, Баганалинова Раушан Болатовна, Кажигалиева Шолпан Калиевна, Кажахметова Айман Негметжановна.