«Ақмола облысы білім басқармасының Сандықтау ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесіне
Государственное учреждение «Отдел образования по Сандыктаускому району управления образования Акмолинской области»

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Сандықтау ауданының білім бөлім» ММ мемлекеттік қызметтерді көрсету аясында 2018 жылғы қызметі туралы есеп

05.04.2019

I. Жалпы мәлімет

1. Ауданда мемқызметтерді көрсетілуіне бақылау жасайтын мекеме туралы мәлімет

Ұйымның атауы

«Сандықтау ауданының білім бөлімі» ММ

Орналасқан жері

Ақмола облысы, Сандықтау ауданы, Балкашино ауылы, Абылай хан көшесі. № 120 үй, байланыс телефоны: 8(71640) 9-16-83, 9-17-01, 9-28-52, 9-14-72

Басшы

Бос орын

Мемлекеттік қызметтерді, мониторингті сапалы көрсетуге жауапты тұлғалар

Ярошенко Ольга Николаевна – білім бөлімі секторының меңгерушісі

Кожевникова Екатерина Федоровна- мемлекеттік қызметтерді көрсетуге жауапты тұлға

Богачева Наталья Николаевна – қамқорлық пен қамқоршылық бойынша бас маман

2. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат

Барлық мемлекеттік қызметтердін саны

Мемкорпорация және «электрондық үкімет» порталы арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің саны

Тегін көрсетілетін мемлекеттік қызметердің саны

Ақылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің саны

Мемлекеттік қызметтердің бекітілген стандарттарының саны

Мемлекеттік қызметтердің бекітілген регламенттерінің саны

 

21 қызмет

9

21

0

21

21

 

3. Жиі талап етілетін мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат

№ р/б

Мемлекеттік қызметтердің

Атауы

Мемлекеттік қызмет көрсететін мемлекеттік мекеменің атауы

2018 жылы көрсетілген қызметтер-дің саны

Ескерту

 

1

Қамқорлық пен қамқоршылық бойынша анықтамалар беру

«Сандықтау ауданының білім бөлімі» ММ және бағынысты ұйымдар

5

«Электронды үкімет» порталы арқылы талап етілген қызмет

 

2

 

Жетім бала (жетім-балалар) мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаға (балаларға) қамқорлық пен қамқоршылық орнату

11

«Электронды үкімет» порталы арқылы талап етілген қызмет

 

3

Кәмелет жасқа толмаған балалардың мүлкін басқару және кәмелет жасқа толмағандарға мұраны рәсімдеу үшін анықтамалар беру 

4

«Электронды үкімет» порталы арқылы талап етілген қызмет

 

4

Мектеп жасына дейінгі балаларды (7 жасқа дейін) мектепке дейінгі ұйымдарға жіберу үшін кезекке қою

91

«Электронды үкімет» порталы арқылы талап етілген қызмет

 

5

Мектепке дейінгі білім мекемелеріне құжаттарды және балаларды қабылдау

294

Қызмет Бала бақшалармен және аудан мектептерінің шағын-орталықтарымен ұсынылады.

 

6

Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің жалпы білім беру бағдарламаларын даярлауға ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, құжаттарды қабылдау және білім беру ұйымдарында оқуға қабылдау

585

Қызмет аудан мектептерімен ұсынылады.

 

7

Өзінің денсаулық жағдайына байланысты ұзақ уақыт бойы бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беретін ұйымдарға қатыса алмайтын балаларға үйде жеке тегін білім беруді ұйымдастыру үшін құжаттарды қабылдау

7

Қызмет аудан мектептерімен ұсынылады.

 

8

Қосымша білім беруді қамтамасыз ету үшін балаларға қосымша білім беруді ұйымдастыру және құжаттарды қабылдау

107

Қызмет музыка мектебімен және Шығармашылық үйімен ұсынылады

 

9

Жалпы білім беретін мектептердің жеке санаттағы оқушылары мен тәрбиеленушілеріне тегін және жеңілдетілген тамақтануды ұсыну

233

Қызметті тікелей қызмет көрсетушілер қамтамасыз етеді.

 

10

Аз қамтылған отбасылардан шыққан балалар мен мектеп лагерьлерінде демалысты қамтамасыз ету және құжаттарды қабылдау

243

Қызметтер қызмет ұсынушылармен тікелей ұсынылады.

 

11

Негізгі орта және жалпы орта білім беру ұйымдарында сырттай оқу түрінде рұқсат беру және оқыту

0

2018 жылы талап етілмеген

 

12

Жетім-баланы (жетім-балаларды) және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы (балаларды) асырау үшін қамқоршыларға немесе қорғаншыларға төлемдер тағайындау

2

Мемлекеттік корпорация талап еткен қызмет

 

13

Баланы (балаларды) патронаттық тәрбиеге беру және асырап алушыларға берілетін баланы (балаларды) күтіп-бағуға ақша төлеуді тағайындау

0

2018 жылы  талап етілмеген

 

14

Негізгі орта, жалпы орта білім туралы құжаттардың түпнұсқасын беру

24

Мемлекеттік корпорация талап еткен қызмет

 

15

Бала асырап алуға ниет  білдергендерді есепке қою

0

2018 жылы талап етілмеген

 

16

Қорғаншылық және қамқоршылық органының он жасқа толған баланың пікірін қарау туралы шешімін шығару

0

2018 жылы талап етілмеген

 

17

Баланы (балаларды) патронаттық тәрбиеге беру және оларға қызмет көрсету үшін ақшалай төлемдерді тағайындау

1

Қызметтер қызмет ұсывнушылармен тікелей ұсынылады

 

18

Жетім қалған баланы және (немесе) ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы асырап алуға байланысты біржолғы ақшалай төлемдерді тағайындау

0

2018 жылы талап етілмеген

 

19

Мемлекеттік білім беру мекемелерінің басшыларын ауыстыру үшін конкурсқа қатысу үшін құжаттарды қабылдау

6

Мемлекеттік корпорация талап еткен қызметтер

 

20

Мектепке дейінгі және бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беруді жүзеге асыратын білім беру ұйымдарына оқытушылар құрамына біліктілік санаттарын тағайындау (растау)

99

Мемлекеттік корпорация талап еткен қызметтер

 

21

Ата-ана құқығынан айрылған ата-аналарға балаға теріс әсерін тигізбеу туралы рұқсат беру

0

2018 жылы талап етілмеген

 

II. Қызметті алушылармен жұмыс істеу

1. Мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібі туралы ақпаратқа қол жеткізу көздері және орындары туралы мәлімет

1)

Мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібі туралы ақпарат «Сандықтау ауданының білім бөлімі» ММ ресми интернет ресурсында «Мемлекеттік қызметтер» тарауында салалар бойынша орналастырылған.

2)

Мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібі туралы көрнекі ақпарат білім бөлімінің стендтерінде, мемлекеттік және ведомствоға бағынысты білім ұйымдарында орналасқан. Қолда тағы көрсетілетін мемлекеттік қызметтері әр түрі бойынша үлестірме материалдар бар.  

3)

Білім бөлімі ғимараттарының жанында «Электрондық үкімет» egov.kz. ақпараттық баннерлері орналасқан.

4)

Ауданның БАҚ мемлекеттік қызметті ұсыну тәртібі туралы аудан тұрғындарын ақпараттандыру бойынша айсайын жұмыс өткізіледі, 2018 жылы мемлекеттік көрсетілетін қызметтің 21 түрі бойынша 5 мақала жарияланды.

2. Мемлекеттік қызметтер стандарттарының жобаларын ашық талқылау туралы ақпарат

Қазақстан Республикасының электронды Үкіметі порталы egov.kz. «Азаматтар және Үкімет» «Ашық талқылау» тарауында стандарттар жобаларын талқылау мүмкіндіктерін түсіндіру бойынша ауылдық округтін тұрғындарымен тұрақты негізде жұмыстар жүргізіледі. Сонымен қатар  «Сандықтау ауданының білім бөлімі» ММ ресми интернет ресурсында «Мемлекеттік қызметтер» тарауында салалар бойынша орналастырылған.

2018 жылдың есепті кезеңінде мемлекетік қызмет көрсететін білім бөліміне, мемлекеттік органдарға аудан тұрғындарынан есепті кезеңде стандарттар жобаларына өзгертулер немесе толықтырулар туралы ұсыныстар келіп түскен жоқ.

3. Мемлекеттік қызметтерді көрсету барысында айқындықты қамтамасыз етуге бағытталған іс шаралар

Көрсетілетін қызметті алушылар жүгінген кезде білім бөлімінің мамандарымен және ведомствоға бағынысты ұйымдардың мемлекеттік қызметті көрсету үрдісі туралы түсіндіру жұмысы жүргізіледі, сонымен қатар халық алдында ауылдық білім бөлімінің Кеңестерінде мемлекеттік қызметтерді көрсету бағыты бойынша сұрақтар түскен жағдайда, толық жауап беріледі, есеп беру кезеңіне көрсеткіштер айтылады, туындайтын сұрақтар және ұсыныстар талқыланады.

Ай сайын ауданда мемлекеттік қызметті көрсетудің өзекті мәселелерін талқылау бойынша кеңес өткізіледі, 2018 жылы 6 түсіндіру жұмысы (кеңестер, семинарлар, дөңгелек үстелдер) өткізілді.

III.Мемлекеттік қызметтер көрсету барыстарын жетілдіру бойынша ызмет

1. Мемлекеттік қызметтер көрсету процесстерін оңтайландыру және автоматизациялар нәтижелері.

Ауданның көрсетілетін қызметті берушілердің мемлекеттік қызметті ұсынудың үдерісін жылдамдату және жеңілдету мемлекеттік қызметті автоматтандыру және оңтайландыру болып табылады.

ҚР egov.kz электронды үкіметінің порталында мемлекетік қызметтің түрі ауданның деңгейінде электронды пішімде көрсету үшін автоматтандырылған.

Мемлекеттік қызметті автоматтандыру және оңтайландыру бойынша жұмыстар жүргізу қызметті ұсыну мерзімін, мемлекеттік қызметті алу үшін ұсынылатын құжаттардың тізбесін қысқартуға, сонымен қатар қызмет көрсетуші мен қызмет алушының арасындағы байланысты алып тастау арқылы осы саланың сыбайлас жемқорлығын азайтуға мүмкіндік берді.

Аудан тұрғындары арасында ауданның мемлекеттік органдарының мамандарымен электронды-сандық қол қоюды алу қажеттілігі және одан әрі мемлекеттік қызметті электронды пішімде алу туралы түсініктеме жұмысы жүргізіледі.

Электронды пішімде мемлекеттік қызметті ұсынуға тартылған ауданның мемлекеттік мекемелерінде «Е-әкімдік» және «Е-лицензиялау» ХҚКО МДБ ақпараттық жүйелерімен белсенді жұмыс жүргізіледі.

Ауылдық округ тұрғындарымен мемлекеттік қызметтерді электронды түрде алу мүмкіндігі үшін барлық ауылдық округ әкімдерінің әкімдік ғимараттарында өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы орнатылған. 

2. Мемлекетік қызметтерді көрсету саласында қызметкерлердің біліктілігін жоғарлатуға бағытталған іс шаралар

Мемлекеттік қызметті ұсынуға жауапты бөлім және ведомствалық бағынышты мекемелердің басшылары, ауылдық округ әкімдері, мамандары (барлығы 53 адам) өздерінің білімдерін тиісті Заңдарды, қағидаларды, әдістемелік ұсыныстаржы, мемлекетік қызметтердің стандарттар мен регламенттерін оқу арқылы көтереді.

2018 жылы біліктілікті жоғарлатудан 55 адам өтті, ол 100% құрады

3. Мемлекеттік қызметтерді көрсету процесстерін нормативтік-құқықтық жетілдіру

Мемлекеттік қызметтерді көрсету саласында негіз қалаушы принциптерді және нормаларды белгілеу, қоғамдық қатынастарды реттеу мақсатында 2013 жылдың 15 сәуірі «Мемлекеттік қызметтер туралы» Заң қабылданды. Мемлекеттің, азаматтардың құқықтарын және мүделерін сақтау мақсатында мемлекеттік қызметтердің жаңа стандартары және регламенттері және тиісті қағидалар қабылдануда.

IV. Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бақылау

1. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша қызметті алушылардың шағымдары туралы ақпарат

Шағым беруші туралы мәлімет

Шағымның мәні

Шағымды қарастырған және (немесе) шешім қабылдаған оган (ұйым)

Қарастыру күні

Шағымды қарастыру қортындысы бойынша құжат №

Қабылданған шешім

Қабылданған шешімді қайта қарау туралы мәлімет

-

-

-

-

-

-

-

Есеп беру кезеңінде қызмет алушылардан мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша шағымдар түскен жоқ.

2. Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасына ішкі бақылау нәтижелері

Мемлекеттік қызметтердің сапасын жоғарлатуға тұрақты негіздегі жұмыстарына сәйкес, ішкі бақылаудың нәтижелері – қызметті алушылар жағынан есеп беру кезеңінде ескертулер, сонымен бірге шағымдардың жоқтығы болып табылады.

Мемлекеттік қызметті ұсыну мерзімінің бұзулуының алдын алу үшін күнделікті ХҚКО ИАЖ мониторинг өткізіледі.

Ауданда мемлекеттік қызметті ұсыну сапасын бақылау мақсатында ай сайын ауданның барлық білім бөлімімен мемлекеттік қызметті ұсыну есептілігі жинақталады.

Жыл сайын мемлекетттік қызметті ұсыну саласында меморгандардың қызметін тексеру іске асырылады, қорытындысы бойынша анықталған ескертулер тез арада жойылады, тексеріс кезінде ұсыныстар, тапсырмалар беріледі, тәртіптік сипаттағы шаралар қабылданады. Осылайша 2018 жылға арналған бекітілген кестеге сәйкес ведомствоға бағынысты ұйымдарда мемлекеттік қызметтерді көрсету бойынша құжаттардың 2 тексерісі өткізілді. Оның ішінде артық құжаттарды қабылдау (баланың тууы туралы куәліктің көшірмесі, егер 2008 жылдан кейін туған болса, заңды өкілдерінің куәліктерінің көшірмесі) бөлімінде анықталған.   

V. Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасымен қызметті алушылардың қанағаттануын жоғарлату және одан әрі тиімділігінің перспективалары

Сандықтау ауданының қызмет көрсетушілерінің мемлекеттік қызиметті көрсету бойынша жұмыстарының ары қарай нәтижелілігі үшін, сонымен қатар қызметтерді алушылардың мемлекеттік қызметтерді сапалы көрсетуге қанағаттанушылығын жоғарлату мақсатында:

1. Бөлім басшылары мен мамандары, ауылдық округтердің әкімдері мен мамандары, ведомствалық бағынышты ұйымдардың басшылары мен мамандары мемлекеттік қызметтерді ұсыну саласында біліктілігін тұрақты түрде жоғарылатады;

2. Мемлекеттік қызметтердің стандарттарын, регламенттерін талқылау үшін, туындаған мәселелер бойынша қызмет алушылармен кездесулер, семинарлар өткізіледі, қортындысы бойынша жоғары тұрған органға ұсыныстар енгізілетін болады;

3. «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы және электронды пішімде көрсетілетін мемлекеттік қызметтің түрін арттыру бойынша жұмыс жалғастырылады, осы мақсатта тоқсан сайын Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің жәрмеңкесі өткізіледі;

4. Сандықтау ауданының көрсетілетін қызметті берушілерімен мемлекеттік қызметті уақытылы ұсынуға арналған барлық тиісті шаралар қабылданады;

5. Тұрақты негізде ауданның мемлекеттік мекемелерінде электронды түрде және «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы мемлекеттік қызметтерді алу тәртібі туралы қызмет алушыларды ақпараттандыру бойынша жұмыстар БАҚ, «Сандықтау ауданының білім бөлімі» ММ интернет-ресурсында және басқа да веб-сайттар арқылы жүргізіледі.



Добавить комментарий



Включить данные в подпись
Жаңартылған күні: 05.04.2019 18:39
Құрылған күні: 05.04.2019 18:31

Текст