Текст
2024 жылдың 29 қазанында кәмелет жасқа толмаған балалардың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігі үшін қорғаншылық және қамқоршылық органының маманы Е.В.Афанасьева, полиция бөлімінің қызметкерлері және төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері, қоғамдық кеңес төрағасы, ауылдық округ әкімдігі, мектеп мұғалімдерімен бірлесе отырып, Мәдениет ауылының толық емес отбасылардың тұрмыс-тіршілігіне сауалнама жүргізілді. Жылу жүйелерінің жай-күйі мен пайдалану әдістеріне, қысқы кезеңге сақталған отынның болуына, азық-түлікпен қамтамасыз етілуіне, сондай-ақ кәмелетке толмағандардың тұрмыстық жағдайына ерекше назар аударылды.