Текст
🔴 Елордада ҚР Президентінің атынан «Жаңа жыл республика төрінде» атты Республикалық Жаңа жылдық шырша өтті. Бұл мерекелік шараға еліміздің барлық өңірінен оқуда, спортта, шығармашылықта және қоғамдық өмірде жетістіктерге жеткен 100-ден астам бала қатысты.
🎄Іс-шараға Каменка ауылының жалпы орта білім беретін мектебінің оқушысы Владислав Клименко қатысып, республикалық деңгейдегі жетістіктері мен оқудағы жетістіктері үшін белгіленді.
🎁 Шара соңында әр балаға Қазақстан Республикасы Президентінің атынан жаңа жылдық сыйлық табыс етілді.