15.09.2025
Кеңесте мектептегі тамақты ұйымдастыру барысында СанПиН нормаларын сақтау және білім алушылар үшін қауіпсіз жағдай жасау мәселелері қаралды.
О. Қабдолаев санитариялық талаптарды қатаң орындаудың маңыздылығын атап өтіп, бұл балалардың денсаулығын сақтау және олардың толыққанды дамуын қамтамасыз етудің маңызды факторы екенін жеткізді. Г. Қадырова тамақты ұйымдастыруға жүйелі түрде қараудың, сапаны тұрақты түрде мониторинг жасаудың және санитариялық нормалардың орындалуын үздіксіз бақылаудың қажеттілігіне назар аударды.
Кездесу қорытындысы бойынша білім беру ұйымдарының басшыларына бақылауды күшейту, тамақтандыруды ұйымдастыру сапасын арттыру және білім алушыларға қауіпсіз білім беру ортасын қамтамасыз ету бойынша нақты ұсынымдар мен тапсырмалар берілді.