2025 жылдың жазында Белгородское ауылындағы негізгі мектепте ағымдағы және күрделі жөндеу жұмыстары аяқталды.
17.09.2025
Жоба аясында терезе блоктары заманауи үлгіге толықтай ауыстырылып, мектеп ғимаратының шатырына күрделі жөндеу жүргізілді. Атқарылған жұмыстар мектептің техникалық жағдайын едәуір жақсартып, жылу оқшаулау деңгейін арттыруға мүмкіндік берді.
Жөндеу нәтижесінде балалардың білім алуына және тәрбиеленуіне қолайлы әрі қауіпсіз жағдай жасалды.
Просмотров: 3354