29.09.2025
Жиналысқа аудан мектептерінің оқушыларының ата-аналары мен заңды өкілдері, Сандықтау ауданы әкімінің орынбасары Жайылғанова С. С., полиция, аудандық прокуратура, төтенше жағдайлар бөлімі, білім бөлімі өкілдері, мектеп директорлары, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары және басқа да мүдделі тұлғалар қатысты.
Іс-шараның модераторы – Сандықтау аудандық білім бөлімінің басшысы Қадырова Гүлнар Ерғалиқызы болды.
Жиналыста төмендегі баяндамалар тыңдалды:
"Отбасы мен мектептің өзара әрекеттестігі ерекшеліктері: уақыт талаптары" – Новоникольское ауылы мектебі директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Әбенова А. С.;
«Отбасы мен мектеп байланысын нығайтудағы Әкелер кеңесінің рөлі» – Мәдениет ауылы мектебінің әкелер мен аталар Кеңесінің өкілі Әлжапаров С.К.; «Баланы тәрбиелеуде ата-аналар комитеті мен мектептің ынтымақтастығы» – Сандықтау ауылы мектебінің ата-аналар комитетінің төрайымы Баль А.Н.;
«Кәмелетке толмағандарға қатысты құқық бұзушылықтардың алдын алу» – Сандықтау ауданы полиция бөлімінің жедел уәкілі Исақов М.Б.
Жиналыс қорытындысы бойынша мектеп, ата-аналар мен мемлекеттік органдардың бірлескен жұмысын жандандыруға, жауапты, әлеуметтік жағынан кемелденген және заңға мойынсұнғыш азаматтарды тәрбиелеуге бағытталған ұсыныстар әзірленді.