«Ақмола облысы білім басқармасының Сандықтау ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесіне
Государственное учреждение «Отдел образования по Сандыктаускому району управления образования Акмолинской области»

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

2025 жылғы 2 қазан күні Сарыарқа аудандық Мәдениет үйінде Мұғалімдер күніне арналған мерекелік іс-шара өтті.

03.10.2025
 
Жүргізушілер ұстаздарды кәсіби мерекелерімен құттықтап, болашақ ұрпақты тәрбиелеудегі педагогтердің орасан зор рөліне ерекше тоқталды.
Салтанатты рәсім аясында ауданның ең үздік педагогтері білім беруді дамытуға қосқан үлестері үшін марапатталды.
Сандықтау ауданының әкімі С.Құдабай ұстаздарды құттықтап, Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Құрмет грамоталарымен марапаттады.
Одан кейін Астана қаласы мен Ақмола облысы бойынша Қазақстан салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының төрағасы Б.Абдрахманов мұғалімдерді «Әлеуметтік әріптестікті дамытуға қосқан үлесі үшін» Республикалық Құрмет белгісімен, сондай-ақ облыстық кәсіподақ тарапынан жолдамалар мен грамоталармен марапаттады.
Осыдан кейін құттықтау сөз сөйлеген Г.Қадырова ауданның бұрынғы мектеп директорларын көп жылдық еңбектері үшін алғыс білдіре отырып марапаттады.
Іс-шара концерттік бағдарламаға ұласып, залда отырған барлық қонақтарға гүлдер тарту етілді.
Мереке ұстаздарға айтылған ыстық ықылас пен алғыс сөздерімен, сондай-ақ есте қаларлық көптеген суреттермен аяқталды
Просмотров: 3771


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст