22.10.2025
Ақмола облысында «Инклюзивті білім беруді қолдаудың ресурстық кабинеттерінің желісін кеңейту» жоспарына сәйкес 2025 жылы 375,0 млн.теңге сомасында инклюзивті білім беруді қолдаудың 30 кабинетін ашу жоспарланған. Бүгін Сандықтау ауданы Лесное ауылының жалпы білім беретін мектебінде соңғы отызыншы кабинет Республика күні қарсанында ашылды. Ашылу салтанатына Инклюзивті білім беруді дамыту жөніндегі Үйлестіру кеңесінің төрағасы, саяси ғылымдарының кандидаты М.У. Ибраев қатысты. «Инклюзивті білім беруді қолдау кабинеттері ерекше қажеттіліктері бар балаларға кешенді психологиялық-педагогикалық көмек көрсетуге мүмкіндік береді. Заманауи әдістер мен жабдықтар балаларға сөйлеуді, моториканы, сенсорлық қабылдау мен әлеуметтік дағдыларды дамытуға көмектеседі, бұл тек оқу жетістіктеріне ғана емес, сонымен бірге өзіне деген сенімділік пен мектеп өміріне қатысуға ықпал етеді»- деп ақпаратпен Марат Ибраев бөлісті. Айта кету керек, бүгінгі күні облыста 127 инклюзивті білім беруді қолдаудың кабинеті бар, онда 2500-ден аса бала барады және 500-ден аса педагог қызмет атқарады.