10.11.2025
Байқау мектеп аумақтарын көркейтуге шығармашылық тұрғыдан қарауды және қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарау көзқарасын қалыптастыруды мақсат етеді.
Каменка ауылының жалпы орта білім беретін мектебі аумақты абаттандыру, тазалық пен ұқыптылық жағынан жоғары деңгей көрсетіп, байқау жеңімпазы атанды. Іс-шара қорытындысы бойынша мектепке Ақмола облысының әкімі М.М. Ахметжанов 5 000 000 теңге көлеміндегі сертификат табыстады.
Педагогикалық ұжымды, оқушылар мен ата-аналарды лайықты жеңістерімен шын жүректен құттықтаймыз! Ыңғайлы, қауіпсіз әрі көрікті мектеп ортасын қалыптастыру жолындағы еңбектеріңізге сәттілік тілейміз!