21.01.2026
2026 жылғы 21 қаңтарда "Ақмола облысы білім басқармасының Сандықтау ауданы бойынша білім бөлімі" жанындағы Балкашино ауылының балалар-жасөспірімдер шығармашылық орталығы" КММ базасында Сандықтау ауданы бойынша білім бөлімі Кеңесінің отырысы өтті, оған Кеңес мүшелері, білім бөлімінің мамандары мен әдіскерлері, білім беру ұйымдарының басшылары қатысты. Отырыста білім бөлімінің 2025 жылғы жұмысының қорытындылары шығарылды, 2025-2026 оқу жылының бірінші жартыжылдығындағы оқушылардың үлгерімінің қорытындылары айтылды, сондай-ақ 2025-2026 оқу жылының бірінші жартыжылдығындағы олимпиадаларға, конкурстарға оқушылардың қатысуының нәтижелілігіне талдау жүргізілді, білім беру ұйымдарының мемлекеттік қызметтер көрсету және ата-аналарды педагогикалық қолдау орталықтарының жұмысы мәселелері қаралды. Кеңес отырысының қорытындысы бойынша басшыларға тиісті тапсырмалар берілді.
/public/files/2026/1/21/210126_190450_1.jpeg
/public/files/2026/1/21/210126_190506_2.jpeg
/public/files/2026/1/21/210126_190522_whatsapp-image-2026-01-21-at-175502-1.jpeg
/public/files/2026/1/21/210126_190535_whatsapp-image-2026-01-21-at-175502.jpeg
/public/files/2026/1/21/210126_190548_whatsapp-image-2026-01-21-at-175501.jpeg