«Ақмола облысы білім басқармасының Сандықтау ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесіне
Государственное учреждение «Отдел образования по Сандыктаускому району управления образования Акмолинской области»

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Педагог-профориентаторларымен кеңесі

29.01.2026

2026 жылғы 28 қаңтарда аудан мектептерінің педагог-профориентаторларымен кеңес өтті. Кеңестің басты мақсаты – оқушылардың кәсіби өзін-өзі анықтауына ықпал ететін тиімді кәсіби бағдар беру жүйесін қалыптастыру, сондай-ақ білім алушыларды кәсіби бағдарлау және еңбекпен қамту жұмыстарын жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу.

«Мектептегі кәсіби бағдар беру жұмысы – оқушы тұлғасының табысты әлеуметтенуінің шарты» тақырыбында Шейко З.Б. (Белгородское ауылының НОМ) баяндама жасады.

Сергеева Ю.А. (Приозёрное ауылының ЖОББМ) «Мектептегі кәсіби бағдар беру жұмысының негізгі аспектілері» тақырыбында сөз сөйледі.

/public/files/2026/1/29/290126_192241_prof.jpeg

Мектептегі кәсіби бағдар беру, оған жаңа көзқарас пен заманауи тәсілдер туралы Уциева М.У. (Красная поляна ауылының ЖОББМ) айтып өтті.

«Skills Enbek», «Mansap kompasy» платформаларымен жұмыс істеу тәжірибесімен Акипова А.К. (Дорогинка ауылының НОМ) бөлісті.

Кеңес барысында қойылған сұрақтарға жауаптар беріліп, ұсыныстар мен ұсынымдар қарастырылды.

Просмотров: 929


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст