23.02.2026
Білім бөлімінің басшысы Кадырова Г. Е. Белгород негізгі орта мектебінің педагогикалық ұжымын Қазақстан Республикасы жаңа Конституциясының жарияланған жобасымен таныстырды.
Талқылау барысында мұғалімдер құжаттың негізгі ережелерін қарастырып, оның құқықтық мемлекетті одан әрі дамыту, демократиялық институттарды нығайту және азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету үшін маңыздылығын атап өтті.