Текст
08.04.2026
2026 жылғы 3 сәуірде Көкшетау қаласында №20 мектеп-гимназия базасында бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған «Математикалық регата» республикалық олимпиадасының облыстық кезеңі өтті. Олимпиада қорытындысы бойынша Балкашин ауылының №1 жалпы орта білім беретін мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Каримжанова Лейла Жанбаевна 3-орынды иеленді. Педагогты жоғары нәтижесімен құттықтаймыз! Алдағы уақытта да жеңістер мен кәсіби жетістіктер тілейміз!