03.06.2026
Ағымдағы жылдың 2 маусымында «Жас басшы мектебі» аудандық қауымдастығының отырысы өтті. Отырыс онлайн форматта өткізілді.
Отырыс жұмысына аудандық әдістемелік кабинетінің әдіскерлері, Сандықтау ауданының білім беру ұйымдарының директорлары қатысты.
Талқылау үшін келесі мәселелер таңдап алынды:
1. "Еңбек заңнамасы: Еңбек шарттары, қосымша келісімдер, бұйрықтар. Педагогикалық қызметкерлерді аттестаттау талаптары." А.К. Зарипова, білім бөлімінің кадр қызметінің инспекторы
2. «Білім беру ұйымындағы әдістемелік жұмыс – педагогтің кәсіби құзыреттілігін жетілдіру факторы» (іс-тәжірибеден).
Кабылова С.С, Мәдениет ауылының жалпы орта білім беретін мектебінің директоры.
3. «Білім алушылардың жазғы демалысын ұйымдастыру және жазғы кезеңдегі қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі ұсынымдар».
Е.Ф. Кожевникова, аудандық әдістемелік кабинеттің меңгерушісі.
4. «Жазғы демалыс кезеңінде оқуға деген ынтасы жоғары балалармен жұмысты ұйымдастыру. Әдістемелік ұсынымдар».
Т.Н. Вдовина, әдіскер.
Отырыс соңында қатысушылар қорытынды жасап, тиісті ұсынымдар қабылдады.