«Қазақстан балалары шексіз әлемде!» республикалық балалар киносы фестивалі өтті.

16.06.2026

Фестивальге Максимовка ауылының жалпы білім беретін мектебінің оқушысы Торлыбек Әбілмансұр «Деректі кино» номинациясы бойынша және Красная Поляна ауылының жалпы білім беретін мектебінің оқушысы Дашаева Тамила қатысты. Торлыбек Әбілмансұр «Батырлар арамызда өмір сүреді» атты деректі фильмімен жүлделі І орынды иеленді. Ал Дашаева Тамила фестивальге белсенді қатысқаны үшін сертификатпен марапатталды. Жас дарындарды шын жүректен құттықтаймыз! Оларға шығармашылық шабыт, жаңа жетістіктер мен жарқын жеңістер тілейміз!

Просмотров: 5506


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу