Текст
24.08.2026
2026–2027 оқу жылына оқулықтар мен оқу-әдістемелік құралдарды сатып алуға Ақмола облысының білім басқармасы тарапынан 11 950,0 мың теңге бөлінді.
Жаңа оқулықтарды сатып алу мақсатында білім бөлімі 3 баспамен («Алматы кітап баспасы», «Мектеп», «Атамұра») келісімшарттар жасасты. Аталған баспалармен жалпы сомасы 11 950,0 мың теңгеге 4 келісімшарт жасалып, 3 178 дана оқулық сатып алынды.
Жаңа оқу жылының басында Сандықтау ауданының барлық 26 мектебі жаңа сатып алу және қосымша сатып алуды ескере отырып, оқулықтармен және оқу-әдістемелік кешендермен (ОӘК) 100% қамтамасыз етілді.
Қазіргі уақытта ауданның барлық мектептерінде оқулықтарды оқушыларға тарату процесі аяқталуға жақын.