«Ақмола облысы білім басқармасының Сандықтау ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесіне
Государственное учреждение «Отдел образования по Сандыктаускому району управления образования Акмолинской области»

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

2026 жылғы 2 қыркүйекте Балкашин ауылының №2 жалпы орта білім беретін мектебінде инклюзивті білім беруді қолдау кабинетінің ашылуы өтті.

03.09.2026


Бүгінгі таңда ауданда ерекше білім беру қажеттіліктері бар шамамен 300 бала тұрады, олардың 170-ке жуығы ауданның білім беру ұйымдарында білім алуда. Әрбір санның артында нақты бала, оның қабілеті, қызығушылығы, талпынысы және түсіністік пен қолдауға деген қажеттілігі тұр.
2021 жылдан бастап Сандықтау ауданының төрт мектебінде осындай төрт кабинет ашылды. Жаңа кабинет бесінші болып, балалармен жеке және топтық жұмыс жүргізуге арналған заманауи арнайы жабдықтармен қамтамасыз етілді.
Мұнда оқушылардың қабілеттерін дамытуға, психологиялық-педагогикалық қолдау көрсетуге, сондай-ақ мамандардың, педагогтер мен ата-аналардың өзара тиімді әрекеттесуіне жағдай жасалған.
Кабинеттің ашылу салтанатына Сандықтау ауданы әкімінің орынбасары Жайылғанова С. С., білім бөлімінің басшысы Қадырова Г. Е., педагогикалық еңбек ардагері Жаднова Л. П., аудандық ұйымдардың өкілдері, педагогтер, ата-аналар және мектеп оқушылары қатысты.
Кабинеттің ашылуы Сандықтау ауданында инклюзивті білім беруді одан әрі дамыту және әрбір балаға тең мүмкіндіктер жасау жолындағы кезекті қадам болды.

Просмотров: 293


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст