ҚР білім және ғылым дамуының 2016-2019 жылдарға арналған Бағдарламасын іске асыру аясында Ақмола облысының білім басқармасымен а.ж. қараша айында Ақмола облысының білім ұйымдары басшыларының арасында «Табысты менеджер – 2017» байқауы өткізілді. Аталған байқауды біздің ауданымыздың атын Ерке Людмила
Викторовна, Лесное ОМ директоры қорғады.
Байқау келесі кезеңдерден құралды:
1. «Мен ойдағыдай басшымын» қатысушының интерактивті презентациясы.
2. «Сәтті білім ұйымының заманауи моделі» жобасын қорғау.
3. Әдістемелік көрме: авторлық концепцияны, авторлық бағдарламаны және жобаларды, әдістерді,
технологияларды қорғау, стратегиялық және тактикалық жоспарлаулар және т.б. негізінде жұмысты басқару жүйесі.
4. Басқармалық жағдайларды шешу.
5. «Заманауи басшы: сәттілік формуласы» тақырыбында эссе.
6. «Басқармадағы жетістктер» бейнеролигі.
Байқау үш номинация бойынша бағаланды: «Мектептің ойдағыдай менеджері», «ШЖМ ойдағыдай менеджері», «ТжКБ ұйымының ойдағыдай менеджері».
Байқау қорытындысы бойынша Людмила Викторовна «ШЖМ ойдағыдай менеджері» номинациясында 2 орын алды.