31 қазаннан 4 қараша аралығында ауданымыздың мектептерінің 9-11 сыныптарының 10 оқушысы «Бір апта қалада» ерекше жобасының қатысушылары болды. Ол Н.Ә. Назарбаевтың «Рухани жаңғыру» бағдарламалық жобасын іске асыру аясында дайындалды. Ақмола облысы білім басқармасының «Балалар-жасөспірімдердің туризмі, өлкетану және экология облыстық орталығы» МКҚК ұйымдастырушылары ауқымды және қызықты бағдарламны дайындады, оның міндеттері оқушылардың облыс орталығының әлеуметтік-экономикалық, өнеркәсіптік, білім және бос уақыттағы қызмет жүйесіндегі дамуы туралы елестерін кеңейту болды. Жобаға барлығы облыстың 5 ауданынан 50 ер бала мен қыз бала қатысты, тамақтану, өмір сүру және мекемелер мен кәсіпорындарға бару бойынша шығындар ұйымдастырушыларға жүктелді. Балалар Көкшетау және Щучинск қалаларының – «НОВОПЭК» ЖШС, «Тыныс» ЖШС аса ірі өнеркәсіп кәсіпорындарымен танысты, облыс орталығының университиеттеріне және колледждеріне, Көкшетау және Щучинск қалаларының мұражайларына барды, театрлық қойылымдарда жақсы сезімдерді алды, «Бурабай» ұлттық табиғи саябағында серуендеді.
Балалар облысымыздың бас қаласының кәсіпкерлік, рухани-адамгершілік, білім аясымен танысты, демалыстарын көңілді өткізді, жаңа достар тапты, ал кейбіреулері болашақ мамандықтарын және мектепті аяқтағаннан білім алуларын
жалғастыратын, оқу орындарын анықтады.