Дарынды және қабілетті балалармен жұмыс, оларды іздеу, анықтау және дамыту – мектеп жұмысының ең маңызды
аспектілерінің бірі. Мектептегі құрылған оқу мен тәрбие процесі дарынды оқушылармен бастауыш мектептен бастап, саналы өмірлік жолдарын таңдауда мақсатты жұмысты көздейді. Сабақтағы және сабақтан тыс қызмет әр оқушы өз мүмкіндіктерін әр түрлі салалардағы қызметте жүзеге асыру, өз арманына қол жеткізу жолында қызмет ету үшін құрылады.
Ғылыми қызметке ұмтылатын, дарынды және ғылым негіздеріне деген қызығушылығы бар оқушыларды анықтау және қолдау мақсатында жыл сайын бастауыш сынып оқушыларының "Зерде" атты аудандық зерттеу жұмыстарының байқауы өткізіліп, жеңімпаздардың зерттеушілік жұмыстары облыстық кезеңге қатысу үшінсараптамаға жіберіледі. Биылғы оқу жылында облыстық кезеңге қатысу үшін біздің ауданнан құзыретті сарапшылар бес жұмысты іріктеліп алды.
№ жалпы |
Автордың тегі, аты - жөні |
Жобаның тақырыбы |
Секциясы |
Мектебі |
Жетекшісінің тегі, аты - жөні |
1 |
Миронова Анастасия |
Ауылдық жеке үй жағдайында электр энергиясын үнемдеу |
математика - информатика |
Сандықтау ауданы білім бөлімінің «Каменка орта мектебі» ММ |
Сальникова Виктория Валерьевна |
2 |
Анацкий Александр |
Кейбір мәдени өсімдіктер тұқымының шығуы мен өнгіштік энергиясына тұрақты магнит өрісінің әсері |
физика-техника |
Аудандық балалар және жасөспірімдер шығармашылық үйі |
Хомякова Наталья Владимировна |
3 |
Горбанёва Анастасия |
Менің көздерім – менің байлығым |
медицина |
Сандықтау ауданы білім бөлімінің «Балкашин №1 орта мектебі» ММ |
Кулагина Светлана Владимировна |
4 |
Мусханов Ислам |
Менің елімнің тарихындағы менің ата тегім |
тарих -этномәдениеттану |
Сандықтау ауданы білім бөлімінің «Лесной орта мектебі» ММ |
Мусханова Раиса Абуязитовна, Жувасова Гульнар Жаксыгельдиновна |
5 |
Ганеева Виктория |
Олжас Сулейменов - герой нашего времени |
история |
ГУ «Сандыктауская средняя школа» отдела образования Сандыктауского района
|
Ахметова Алтынгуль Рамазановна |
Ағымдағы жылдың 1-3 қарашасы Көкшетау қ.облыстық «Зерде» байқауында зерттеу жұмыстарын қорғау болды. Қорытындысы бойынша біздің кішкентай ғылыми қызметкерлердің үш жүлделі орны бар! Ганеева Виктория және Миронова Анастасия екінші орын, Анацкий Александр үшінші орын алды.
Оқушылар мен мұғалімдерді белсенді ғылыми-зерттеу қызметіне тарту – күнделікті уақыт қажеттігі. Бұл әр оқушыға, мұғалімге және мектепке тұтастай алғанда қажет.
Біздің арманымыз - біздің мектептерде балаларға оқу, мұғалімге оқыту қызықты болуы. Арманға қол жеткізуге жол көп.
Олар көп, бірақ ең бастысы –жалпы қажетті және қызықты іс табу, жақсы нәтижеге қол жеткізу. Сондай жұмыстардың бірі, осы маңызды "Зерде" зияткерлік байқауының бүгінгі зерттеу жұмыстарының нәтижелері.