«Ақмола облысы білім басқармасының Сандықтау ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесіне
Государственное учреждение «Отдел образования по Сандыктаускому району управления образования Акмолинской области»

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Ақмола облысы білім басқармасының Сандықтау ауданы бойынша білім бөлімі» ММ бос лауазымға орналасуға конкурс жариялайды

02.08.2021

«Ақмола облысы білім басқармасының Сандықтау ауданы бойынша білім бөлімі» ММ бос лауазымға орналасуға конкурс жариялайды:

«Ақмола облысы білім басқармасының Сандықтау ауданы бойынша білім бөлімі Спасское ауылының негізгі орта мектебі " КММ басшысы;

«Ақмола облысы білім басқармасының Сандықтау ауданы бойынша білім бөлімі Васильевка ауылының негізгі орта мектебі " КММ басшысы;

«Ақмола облысы білім басқармасының Сандықтау ауданы бойынша білім бөлімі Новоромановка ауылының негізгі орта мектебі " КММ басшысы;

«Ақмола облысы білім басқармасының Сандықтау ауданы бойынша білім бөлімі Владимировка ауылының негізгі орта мектебі»  КММ басшысы.

«Ақмола облысы білім басқармасының Сандықтау ауданы бойынша білім бөлімі Барақпай ауылының негізгі орта мектебі» КММ басшысы.

 

Білім беру ұйымының басшысы лауазымына үміткерге қойылатын біліктілік талаптары:

1. Тиісті бейін бойынша жоғары (жоғары оқу орнынан кейінгі) педагогикалық немесе өзге де кәсіптік білім немесе педагогикалық қайта даярлауды растайтын құжат;

2. Педагогикалық жұмыс өтілі кемінде үш жыл, оның ішінде білім беру ұйымдарындағы педагогикалық өтілі соңғы екі жыл;

3. Педагогтің бірінші немесе жоғары біліктілік санатының, педагог-сарапшы немесе педагог-зерттеуші немесе педагог-шебер біліктілік санатының болуы (мемлекеттік қызметшілерді, педагогикалық өтілі кемінде бес жыл жоғары оқу орындары оқытушыларының қызметкерлерін, әдістемелік кабинеттердің (орталықтардың), біліктілікті арттыру жүйесінің әдіскерлерін қоспағанда).

 

Лауазымдық міндеттері:

Білім беру ұйымының қызметін оның жарғысына және басқа да нормативтік құқықтық актілерге сәйкес басқарады. Педагогикалық және әдістемелік кеңеспен бірлесіп Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын іске асыруды ұйымдастырады. Педагогикалық кеңесті басқарады. Мектептің даму жоспарын, оқу-тәрбие жұмысының жоспарын, оқу жұмыс жоспарларын, пән мұғалімдерінің қысқа мерзімді жоспарларын бекітеді. Жұмыс жоспарын, оқу жұмыс жоспарлары мен бағдарламаларын бекітеді. Білім беру ұйымының ғылыми-әдістемелік және материалдық-техникалық базасын қалыптастырады және жетілдіреді. Оқу-тәрбие процесін әдістемелік қамтамасыз етуді ұйымдастырады және жетілдіреді. Қазіргі заманғы ақпараттық технологиялардың дамуын қамтамасыз етеді. Педагогикалық ұйымдардың, әдістемелік бірлестіктердің, балалар ұйымдарының қызметіне ықпал етеді. Білім беру қызметінің құқықтану лицензиясына сәйкес оқушылар, тәрбиеленушілер контингентін қалыптастырады, білім алушылар мен тәрбиеленушілерді әлеуметтік қорғауды қамтамасыз етеді. Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар қатарындағы тәрбиеленушілердің заңды құқықтары мен мүдделерін (жеке, мүліктік, тұрғын үй, еңбек және басқалар) қорғайды, оларға туыстық байланыстарды қолдау үшін жағдай жасау жөнінде шаралар қабылдайды.

Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген нормаларды ескере отырып, тәрбиеленушілер мен білім алушыларды ұстау және тұру жағдайларын қамтамасыз етеді. Оқу-тәрбие процесі кезінде білім алушылардың (тәрбиеленушілердің) және білім беру ұйымы қызметкерлерінің өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігіне қажетті жағдайлар жасайды. Ерекше білім беру қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында оқу процесінде арнайы жағдайлар жасайды. Оқушылардың денсаулығын сақтау және нығайту мақсатында оларды тамақпен, (мектеп міндеттемелері шеңберінде медициналық қызмет көрсетумен) қамтамасыз ету жөніндегі жұмысты және бақылауды ұйымдастырады. Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген нормалар шегінде білім беру ұйымының мүлкі мен қаражатына билік етеді. Ұйымның қызметі туралы, оның ішінде қамқоршылық кеңес пен ата-аналар қоғамдастығының алдында қаржы және материалдық қаражаттың түсуі және жұмсалуы туралы жыл сайынғы есепті ұсынады. Нормативтік талаптарға сәйкес оқу-материалдық базаның есебін, сақталуын және толықтырылуын қамтамасыз етеді, ішкі еңбек тәртібі қағидаларының, санитарлық-гигиеналық режимнің, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі қағидалардың сақталуына жауап береді. Педагогтер мен қосалқы персоналды іріктеуді және орналастыруды жүзеге асырады, қызметкерлердің штаттық кестесін және лауазымдық міндеттерін бекітеді, олардың кәсіби құзыреттілігін арттыру үшін жағдай жасайды. Педагогтердің біліктілік санатын беру (растау) рәсімін ұйымдастырады. Жоғары көрсеткіштері мен жетістіктері бар білім беру ұйымдарының қызметкерлері мен педагогтерін көтермелеуге ұсынады. Педагогикалық әдеп жөніндегі кеңесті басқарады, педагогикалық әдеп жөніндегі кеңестің ұсынымын ескере отырып, өз құзыреті шегінде жаза қолданады. Өз құзыреті шегінде мектептің басқа қызметкерлеріне жаза қолданады. Жұртшылықпен байланысты жүзеге асырады, ата-аналармен (оларды ауыстыратын тұлғалармен), қамқоршылық кеңеспен жұмысты үйлестіреді. Мемлекеттік және өзге де ұйымдарда білім беру ұйымының атынан өкілдік етеді, қажетті есептілікті дайындауды және ұсынуды қамтамасыз етеді. Өзінің кәсіби дамуымен, соның ішінде менеджмент саласында жұмыс істейді. Білім беру процесінің барлық субъектілерінің, оның ішінде балалар отбасының қатысуымен ұйымда "Құндылықтарға негізделген білім беру" тұжырымдамасын енгізеді. Білім алушылар, тәрбиеленушілер, педагогтар және басқа да қызметкерлер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті, академиялық адалдық қағидаттарын бойына сіңіреді. Білім беру қызметтерінің сапасына жауап береді.

Лауазымдық жалақы еңбек өтіліне байланысты 130 000 теңгеден 184 000 теңгеге дейін.

Конкурсқа қатысу үшін келесі құжаттарды ұсыну қажет:

1) өтініш;

2) жеке басын куәландыратын құжат (сәйкестендіру үшін);

3) білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттың көшірмесі;

4) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;

5) кадрларды есепке алу жөніндегі жеке іс парағы және фото;

6) ескертпелер мен көтермелеулерді көрсете отырып, бұрынғы жұмыс орнынан өндірістік мінездеме;

7) біліктілік санаты және ғылыми дәрежесі туралы құжаттың көшірмесі (бар болса);

8) "Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген) бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы, нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;

9) соттылығының жоқтығы туралы анықтама;

10) сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің бар не жоқ екендігі туралы анықтама;

11) тестілеуден өткені туралы құжат (бар болса);

12) біліктілікті арттыру, қайта даярлау курстарынан өткені туралы құжат (бар болса);

13) білім берудегі менеджмент бойынша біліктілікті арттыру курстарынан кемінде жетпіс екі сағат өткенін растайтын құжат;

14) білім беру ұйымын дамытудың перспективалық жоспары.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар білім бөлімінің ресми сайтында http://sandyktau.aqmoedu.gov.kz/  хабарландыру жарияланған күннен бастап 7 жұмыс күні ішінде Ақмола облысы, Сандықтау ауданы, Балкашино ауылы, Абылай-хан көшесі 119 мекен жайы бойынша орналасқан Халыққа қызмет көрсету орталығына ұсынылуы тиіс. Анықтама телефондары 8(71640)91701, 92938.

 

 

Просмотров: 452


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст