Бүгін, яғни 2017 жылғы 20 қазан күні, Сандықтау ауданының Балкашино ауылында жаңа спорттық құрылыс – «Болашақ» балалар-жасөспірімдер дене дайындығы клубы (БЖДДК)салтанатты қатарға енгізілді. Іс шараға Ақмола облысының әкімі Мырзалин Мәлік Кенесбайұлы, Сандықтау ауданының әкімі Исмағамбетов Асылбек Сайлаубекұлы,
аудандық мәслихаттың депутаттары, спорт ардагерлері, түрлі чемпионаттарда медальдарға ие болған, спортшылар, сонымен қатар «Нұр Отан» партиясының, қоғамдықтардың өкілдері, мектептер оқушылары қатысты. Облыс әкімі іс шараға жиналған, ауыл мен аудан тұрғындарының барлығын мұндай ерекше жаңалықпен құттықтады. Өзінің
баяндамасында ол ел Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев жастар арасында сау өмір салтын насихаттаудың маңыздылығына, сонымен қатар спортта үлкен жетістіктерге жету үшін және де тұрғындардың дене мәдениетімен және спортпен белсенді айналысулары үшін жақсы шарттар құру қажеттілігіне ерекше мән беретінін айтып кетті.
Сол себепті біздің өміріміздің негізі, өскелең ұрпақ үшін негіз болып қалыптасуы қажет. Міне бүгінгі дене шынықтыру-сауықтыру жаңа кешенінің ашылуы – бұл кәсіби спортшыларға сонымен қатар спортпен сүйіп айналысатындарға арналған, ерекше мәні бар жаңалық. Символикалық лентаны кесу құқығы облыс әкімі М. Мырзалинмен шаңғы жарыстары бойынша Еңбегі сіңген жаттықтырушы Мухина Сәулеге берілді. Кейін іс шара қонақтары еріп барушы тұлғалармен бірге спорт объектін қарап шықты. Дене шынықтыру-сауықтыру кешенінде еркін күреске және спорттың ойын түрлерімен де айналысуға есептелген, үлкен ойын залы, бассейн бар. Жаттығу зөалы, үстел теннисінің аймағы, душ кабиналары, киім шешетін орындар, қызмет көрсетуші ұжымға арналған кабинеттер бар. Бұл замануи, топтық және жеке жаттығуларға арналған, көпфункциялы спорт объекті, Сандықтау ауданының тұрғындарына бұқаралық спорт түрлерімен және белсенді демалуларын дамытуға үлкен мүмкіндік береді.