«Ақмола облысы білім басқармасының Сандықтау ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесіне
Государственное учреждение «Отдел образования по Сандыктаускому району управления образования Акмолинской области»

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Республикалық «Мектепке жол» қайырымдылық акциясының алғашқы айының қорытындысы

07.09.2017

Оныншы жыл қатарымен Республика бойынша 1 тамыздан 30 қыркүйек аралығында «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы өткізіледі. Акция ұраны «Менің таңдауым – балаларға көмек». Тамыз айында аралық қорытындылар шығарылды және олар мынадай: акциямен аудан мектептерінің 0 сыныптан 11 сынып аралығындағы 151 оқушысы қамтылды, соның ішінде 30 бірінші сынып оқушысы. Аталған балалар жеке-жеке аудан әкімдігі бөлімдерінің басшалары және жеке ведомстволар, жеке кәсіпкерлер, ЖШС басшылары, шаруашылық қожалықтары басшылары есебінен меценаттар мен демеушілерге бекітілген болды. Барлығы 68 ұйым мен аудан ведомстволары, 30 ЖК мен ЖШС. Барлық балалар жалпы сомасы 4 млн. теңге сомасына қолдауға ие болды.

Әлеуметтік қорғалмаған санаттағы оқушылардан басқа бірінші сынып оқушылары білім Күніне арналған, мерекелік жиында ЖШС мен ЖК басшыларынан сыйлықтар алды. Ағымдағы жылы ауданның 10 мектебінде 1 сынып пен көп балалы отбасындағы 78 оқушыға ЖШС пен ЖК басшыларымен 360 мың теңге сомасына сыйлықтар мен материалдық көмек көрсетілді.

Мекендік көмектен басқа, нақты балаларға аудан мектептерімен киім мен кеңсе қажеттіліктерін жинау бөлімі ашылды. Аталған бөлімдермен жиналғандарды тарату  жалпыға білім беру  бойынша мектеп комиссиясымен іске асырылды.

Білім бөлімі қолдау көрсеткендерге және шетте қалмағандарға алғыс білдіреді және көмекті қажет ететін әр бала ол көмекті алды деп сенеміз. Балаларға көмектесу – лайықты және мейірімді іс. Адами кішіпейілділік пен мейірімділік – қоғамның жоғары құндылығы.

Просмотров: 581


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст