Жазғы демалыс нағыз қызу үстінде және «Достық» БСО (Приозерное с.) ауданымыздың ұлдары мен қыздарын қарсы алуға дайын. БСО ашылуы алдында дайындық бойынша үлкен жұмыс жасалды. Приозерное ОМ мұғалімдері мен оқушылардың жөндеу-құрылыс бригадасы лагерь құрылысы мен жағажай аймағына косметикалық жөндеу жасады. Облыстық ТЖБ жылдам-құтқару отряды көлдің жағажай аймағындағы түбін тазартты, лагерьге лагерпді қабылдау бойынша облыстық және аудандық комиссия барып қайтты.
15 маусымнан ЭКСПО-2017 Халықаралық көрмесіне арналған тақырыптық 1 ауысым басталды, ол республикамыздың астанасы Астана қаласында «Future Energy – Болашақтың қуаты» ұранымен 10 маусымда басталды. БСО салтанатты ашылуы аудан әкімінің орынбасар Г.Е.Қадырованың, білім бөлімінің басшысы Ж.Қ. Хисымованың, аудандық мәслихаттың депутаты А.В. Галюктің, Жамбыл ауылдық аймағының әкімі В.В. Гуйванның қатысуымен өтті. Ашылуда білім бөлімі ЭКСПО тақырыбын кеңінен ашуға тырысты: көрме белгісі мерекені ашушы чирлидерлердің жейделерінде бейнеленген, белгі болды, жүргізушілер қонақтар мен балалар алдына ЭКСПО-ның белгілері – Сәуле, Қуат және Мөлдір түрінде шықты. Ауысым 10 күнгі созылады. Ауысымдағы балалар қамтылымы – 50 адам.
Жаз мезгілінде лагерде ауданның 28 мектебіндегі түрлі санаттағы балалар болып қайтады. БСО жұмысында облыстық жас тәлімгерлер мектебінен өткен, мектептердің үздік жас мұғалімдері жұмысқа кірістіріледі. 2017 жылдың жаз мезгілінде КТК-қозғалысының жас белсенділеріне арналған 5 тақырыптық ауысым, экологиялық және көптілділік ауысым, Жас қырандықтар санындағы төменгі сынып оқушыларына арналған ауысым жоспарлануда. Балалар демалатындарына, жаңа қызықтарды біліп және көп достар табатындарына сенеміз. Күннің көзі, ауа, керемет достар, жақсы бос уақыт – осының барлығы біздің балаларымыздың жақсы демалуына жағдай жасайды!