Оқушылардың тәжірибелік дағдылары мен қабілеттерін дағдыландыру мен әскери істі оқуға деген қызығушылықтарын анықтау мақсатында 2017 жылдың 31 мамыры мен 3 маусымы аралығында Приозерное селосындағы «Достық» БСО жанында 10 сынып жасөспірімдері мен Каменка селосындағы агротехникалық колледждің 1 курс студенттерімен оқу-далалық жиындар (ОДЖ) өткізілді.
Іс шараға 70 жасөспірім қатысты, оның 55 – орта мектептердің оқушылары және Каменка селосында агротехникалық колледждің 15 студенті.
Сабақтар АӘД пәнінің бөлімдері бойынша өтті:
1) ҚР ҚК жалы әскери жарғылары– 4 сағат;
2) Тактикалық дайындық – 14 сағат;
3) Атыс дайындығы – 6 сағат;
4) Саптық дайындық – 4 сағат;
5) Әскери топография – 2 часа.
Сабақтан басқа күнделікті спорттық-бұқаралық және тәрбие жұмыстары өткізілді. Шантөбе кентінің жауынгер-интернационалистерімен кездесу ұйымдастырылды. Жауынгер-интернационалистер оқушыларға өздерінің Ауғанстандағы қызметтері туралы, қандай шайқастарға қатысқадары туралы, түрлі жағдайларда аман қалу шарттары туралы әңгімеледі. ОДЖ қатысушылары үлкен қызығушылық танытып әңгімеге қатысты, сұрақтар қойды, соның ішінде әлемде болып жатқан жаңалықтар туралы дасұрақтарын қойды.