1 маусым күні 1 ауданымыздың 20 оқушысы Атбасар қаласының №1 орта мектебінің қабырғасында өткен, Ақмола облысының әкімі Мурзалин Малик Кенесбаевичпен кездесуде болып қайтты. Малик Кенесбаевич балаларды 2016-2017 оқу жылының аяқталуымен және Халықаралық балаларды қорғау күнімен құттықтады. Батылдық, бақыт, жаңа сезімдер, жарқын сәттер, көңілді жаз тіледі! Балалар лагеріне бармаусз қандай жаз болады! Шақырылған барлық бала Щучинск-Боровое курорттық аймағында орналасқан, «Discovery Borovoe» Балаларды сауықтыру орталығына жолдама алды. М.К. Мурзалин айтқандай аталған жолдамалар көктемгі су тасқынынан зардап шеккендерді қолдау аясында, тегін «Discovery Borovoe» БСО басшылығымен бөлінген. 6 маусым күні балалар білім бөлімімен БСО жеткізілетін болады. Олар жаұсы демалып, жаңа достар тауып және мектеп қабырғасына мықты, сау, көрікті, жаңа бастауларға дайын болып келеді деп сенеміз.