«Ақмола облысы білім басқармасының Сандықтау ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесіне
Государственное учреждение «Отдел образования по Сандыктаускому району управления образования Акмолинской области»

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

1 маусым – балалар мерекесі!

01.06.2017

 Биылғы жылы балаларды қорғау Күні жаңа форматта өтті. Мерекеге ауданның 10 мектебінен оқушылар келіп қатысты. Орталық алаңда бірыңғай шаңырақтың астында Сандықтау орта мектебінің оқушылары шеруін бастады, олар Сандықтау ауданыныда тұратын халықтардың жарқын өкілдері болды. Құттықтау сөзін Сандықтау ауданының әкімі А.С.Исмағамбетов айтты және мектеп өкілдеріне сыйлықтар сыйлады. Мерекеге Астана қаласынан «Асыл бала» республикалық қауымдастығының өкілдері қатысты: Гүлжан Ерғажықызы Асанова – атқарушы директор

және ортақ құрылтайшылар: Гульнара Данифовна Утепова және Гүлнәр Оразғалиқызы Шакирова. Олар көктемгі су тасқынынан зардап шеккен 43 балаға материалдық көмек көрсетті.

Әрі қарай, мерекеге жиналғандардың назарына шығармашылық ұжымдардың өнерлері ұсынылды: мажореткалар, черлидерлер, би ұжымдары. Балалар ойын алаңдарының да «Достардың 100 ермегі» жұмысы қызықты болды. Максимовка орта мектебінің оқушылары асфальтта «Біз жазды суреттейміз» балалар суретінің галереясын ұсынды.

«Спортивная» алаңында Балкашин орта мектебінің оқушылары велосипедтерді тебу, «Тоғыз құмалақ» ойынын ұйымдастырды. Қызықты балалық шақ елінде Петровка негізгі мектебінің оқушылары жиналды. Олар жұмбақтар шешті, ойнады және конкурстардың белсенді қатысушылары болды. «Ер-Төстік» пен «Мирас» бала бақшаларымен ұсынылған «Балалық шақ кемпірқосағы» концерттік бағдарламасы игілікті көрерменмен абыроймен бағаланды. Балалардың дауыстары ұзақ уақыт шығып жатты, ешкім кеткісі келмеді. Ауданның балалары үшін мерекелік сауда

ұйымдастырылды. Мереке расында да сәтті өтті. 

Просмотров: 646


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст