Текст
Словян жазу мен мәдениеті күніне арналған облыстық авторлық өлеңдер конкурсы 2017 жылдың 11-20 мамыр аралығында өткізілді. Конкурстың ұйымдастырушылары Мағажан Жұмабаев атындаға облыстық ғылыми әмбебап кітапханасы және облыстық кітапхана жанындағы «Струны души» клубының мүшелері. Конкурстың мақсаты жастардың көңілдерін туған жер өміріне, тарихына әдебиет арқылы бөлу. Аталған конкурсқа Сандықтау ауданының оқушылары қатысты. Конкурс қорытындысы бойынша Сандықтау орта мектебінің 9-сынып оқушысы Мессерева Мария 2 дәрежелі дипломмен марапатталды.