Ашық есіктер күні – оқу орындарымен танысуға мүмкіндік беретін, білім алудартықшылығы мен келешегі туралы білуге мүмкіндік беретін дәстүрлі іс шара. 2017 жылдың 23 мамырында ауданның 18 орта мектебінің оқушылары Каменка селосындағы № Агротехникалық колледжге барып қайтты. Күрделі жөндеуден кейін жаңартылған ауданымыздың жалғыз колледжі бітіруші сыныптардың 180 оқушысына өз есігін айқара ашып қарсы алды. Іс шараны сәлемдесу сөзімен колледж директоры Досымбеков Махамбет Жунусович бастады, ол колледждің тарихы туралы, жергілікті деңгейде де, халықаралық конкурстардағы студенттердің жеңістері мен жетістіктері, 2017 жылы колледж өнімді жұмысбастылық пен бұқаралық кәсіпкерліктің жаңа Бағдарламасы бойынша талапкерлерді жинайтыны туралы әңгімеледі. Білім бөлімінің басшысы Хисымова Жанар Қазбекқызы қатысушыларға кәсіптік адамдарға арналып ашылып жатқан болашақтарды көрсетті, мемлекет осындай мамандарды шығаратын оқу орындарына ерекше көңіл бөледі. «Жоғары білім туралы екі диплом бола тұрып жұмыссыз отыруға болады, ал ТжКБ ұйымының түлегі болып және талап етілген болуға болады және және ақысы жоғары жұмыс іст еуге болады» - деп өз пікірін Жанар Қазбекқы білдірді. Сәлемдесу мен шағын концекрттік бағдарламадан кейін балалар колледжбен таныса алды. Оқушылар алты топқа бөлінді. Алты топта колледж мұғалімінің басшылығымен оқу кабинеттері мен зертханаларына, жатақханалар мен
спортзалға барды. Балалар мұғалімдермен және студенттермен қарым-қатынас, оларды қызықтыратын сұрақтарға жауап алды, сонымен қатар «Тамақтануды ұйымдастыру» мамандығының 3 курс студенттерімен өткізілген,
зертханалық сабаққа қатысты. Жалпы алғанда, іс шара қызықты өтті, дайындықтарының бағыттарын таңдауда болашақ әлеуетті талапкерлердің анықталуларына көмектеседі.