«Ақмола облысы білім басқармасының Сандықтау ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесіне
Государственное учреждение «Отдел образования по Сандыктаускому району управления образования Акмолинской области»

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Аудандық «Махамбет оқулары» байқауы

15.05.2017

Ел билеген хандар мен билерді, қолына қару алып елін қорғаған батырларды еліне білім мен ғылымның нәрін себуде ерекше еңбек сіңірген ойшылдарды, атап айтқанда, Махамбет, Исатай, Жәңгір Ханның тарихтағы орны,

еңбектері біржақты бұрмаланып бағаланды. Махамбет өлеңдерінде ұрпақ тәрбиесіне қатысты тәрбиенің сан-алуан салалары атап айтқанда, адамгершілік-имандылық, сұлулық, ел жандылық, экологиялық тәрбие туралы жан-жақты сөз болады.

Көтеріліс кезінде Исатай бастаған қолдың алдында тұрып, оларды Жеңіске жетелеп, ұран көтеріп, өлеңмен жігер берген Махамбет ақынның басты құралы - өршіл жырлары болды. Көтеріліс жеңіліске ұшыраса да, ол өз рухын

жоғалтпады. Патша әскерінің қаруынан сескенген халық ақынның өлеңмен шақырған үндеуіне құлақ аспады. Жалғыздықтан күйінген ақын, өз сырын өлеңмен айта берді.

Ақын өлеңінің тәрбиелік мәні ерекше халық санасын оята түседі. Махамбеттің өлеңдерінің бастан аяғына дейін жырлаған негізгі өзекті тақырыбы – жастарды елін, туып өскен жерін қорғау үшін «жалаулы найза қолға алып, жарақты жауды тоқтатып» есі үшін құрбан болған елдің арманы жоқ, туған халқы, елі үшін кездескен қиыншылықты жеңе білуге жас ұрпақты үгіттеді.

Қазақ халқының біртуар ұлы,  ақын,  композитор, отаршылдыққа қарсы көтерілісті ұйымдастырушылардың бірі,

көтерілістің жалынды жыршысы Махамбет Өтемісұлына арналған дәстүрлі «Махамбет оқулары» байқауы Сандықтау ауданы білім бөлімінің ұйымдастыруымен орта және негізгі мектеп 5-11 сынып оқушылары арасында 2017 жылдың 5 мамыр күні Балкашин №1 орта мектебінде өтті.

Байқау үш бөлім бойынша өткізіледі: І бөлім «Ел құтқарар ер едім...» - Махамбет, Мұрат Мөңкеұлы, Шернияз Жарылғасынұлы, Фариза Оңғарсынова шығармаларын жатқа оқу конкурсы. Қатысушылар өзі жатқа білетін

шығармалардың тізімін конкурс басталғанша дейін немесе сахнаға шыққанша дейін әділ – қазылар алқасына ұсынулары керек, ақындардың өлеңін көбірек білетін оқушыға жоғарғы ұпай қойылады. ІІ бөлім «Ұлы Арман» - Махамбет пен Фариза Оңғарсынованың әндері мен күйлерін орындау сайысы. ІІІ бөлім «Тартынбай сөйлер

асылмын...» - жас дарындар сайысы. Олар Махамбет Өтемісұлына арнаған өз шығармаларын орындайды. Іс-шараға жалпы 40 оқушы қатысты.

Бірінші «Ел құтқарар ер едім...» номинация бойынша Веселое орта мектебінің 7 «Б» сынып оқушысы Буковадзе Диас І орын, Балкашин №1 орта мектебінің 6 «Ә» сынып оқушысы Нұрғали Әсем және Мәдениет орта мектебінің 7 «А» сынып оқушысы Салкенова Анель ІІ орын, Жыланды негізгі мектебінің 5-сынып оқушысы Нұрлахметов Жарарыс, Қызыл-Қазақстан негізгі мектебінің 7-сынып оқушысы Жакупова Алина, Новоникольск орта мектебінің

9-сынып оқушысы Бабушкина Дарья ІІІ орын иеленді. Екінші «Ұлы Арман» номинациясы бойынша  Приозерное орта мектебінің 8-сынып оқушысы Кляцких Валерия І орын, Балкашин №1 орта мектебінің 5-сынып оқушысы Абжанова Айғаным және Жыланды негізгі мектебінің 5-сынып оқушысы Амангелді Жасбол ІІ орын, Лесное орта мектебінің 8-сынып оқушысы Губченко Марина, Мәдениет орта мектебінің 8-сынып оқушысы Алибекова Аружан және Балкашин №1 орта мектебінің 5 «Ә» сынып оқушысы Жувасова Эльдана ІІІ орын иеленді.     Үшінші «Тартынбай сөйлер асылмын...» - жас дарындар сайысында І орынды Веселое орта мектебінің 9 «А» сынып оқушысы Шаяхметова Айнұр, ІІ орынды Жыланды негізгі мектебінің 7-сынып оқушысы Нұрлахметова Дана, ІІІ орынды Қызыл-Қазақстан негізгі мектебінің 8-сынып оқушысы Конурбаева Зейнеп иеленді. Жеңімпаздар І,ІІ,ІІІ дәрежелі диплом мен медальмен марапатталды, сонымен қатар қатысқан оқушыларға сертификаттар берілді.

Просмотров: 644


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст