«Ақмола облысы білім басқармасының Сандықтау ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесіне
Государственное учреждение «Отдел образования по Сандыктаускому району управления образования Акмолинской области»

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

2016-2017 оқу жылын аяқтау және Сандықтау ауданы жалпы білім беру ұйымдарының білім алушыларын қорытынды аттестаттаудан өткізу туралы

21.04.2017

Ақмола облысы білім басқармасының 2017 жылғы 13 сәурдегі № 102 бұйрығына сәйкес, 2016-2017 оқу жылын ұйымдасқан түрде аяқтау және жалпы білім беру ұйымдарының білім алушыларын аралық және қорытынды аттестаттаудан өткізу мақсатында БҰЙЫРАМЫН:

1.    Оқу жылын аяқтаудың және білім алушыларды аралық және қорытынды аттестаттаудан өткізудің мынадай мерзімдері белгіленсін:

1)    Мектепалды, 1-11 сыныптарда оқу сабақтары 2017 жылғы 25 мамырында аяқталсын;

2)    5-8, 10 сыныптардағы білім алушыларды аралық аттестаттаудан өткізу – 2017 жылғы 31 мамырға дейін;

3)    9 сыныптар оқушыларының қорытынды аттестаттауы 2017 жылғы 30 мамырынан 9 маусымына дейін, 11 сыныптар оқушыларының – 2017 жылғы 29 мамырынан 1 шілдеге дейін;

2.    9 сыныптарда білім алушыларға қорытынды аттестаттау мынадай нысандар мен мерзімдерде өткізіледі:

1)    таңдау бойынша пәннен (физика, химия, биология, география, геометрия, Қазақстан тарихы, дүниежүзі тарихы, әдебиет, шетел тілі, информатика) ауызша емтихан – 2017 жылғы  30 мамыр;

2)    орыс тілінде оқытатын мектептерде қазақ тілінен ауызша емтихан және қазақ тілінде оқытатын мектептерде орыс тілінен ауызша емтихан – 2017 жылғы 3 маусым;

3)    ана тілі мен әдебиетінен жазбаша емтихан (оқыту тілі бойынша) (диктант) – 2017 жылғы 6 маусым;

4)    математикадан жазбаша емтихан – 2017 жылғы 9 маусым.

3.    11 сынып оқушыларына қорытынды аттестаттау мынадай нысандар мен мерзімдерде өткізіледі:

1)    ана тілі мен әдебиетінен (оқыту тілі) эссе нысанында – 2017 жылғы 29 мамыр;

2)    таңдау бойынша пәннен (физика, химия, биология, география, геометрия, дүниежүзі тарихы, әдебиет, шетел тілі) тестілеу – 2017 жылғы 2 маусым;

3)    орыс тілінде оқытатын мектептерде қазақ тілінен және қазақ тілінде оқытатын мектептерде орыс тілінен тестілеу – 2017 жылғы 2 маусым;

4)    алгебра мен анализ бастамалары пәнінен жазбаша емтихан – 2017 жылғы 6 маусым;

5)    Қазақстан тарихынан ауызша емтихан – 2017 жылғы 9 маусым.

4.     Жалпы орта білім беру ұйымдарының директорларына:

1)    2016-2017 оқу жылын осы бұйрықтың талаптарына, Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы № 125 бұйрығымен бекітілген бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білімнің білім беретін

оқу бағдарламаларын іске асыратын білім ұйымдарындағы білім алушылардың үлгерімін ағымдағы бақылау, аралық және қорытынды мемлекеттік аттестаттау жүргізудің үлгі ережелеріне сәйкес аяқтауды қамтамасыз етсін;

2)    білім алушылардың ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысуын ұйымдастырсын;

3)    9, 11  сыныптар білім алушыларының мектепті 2017 жылғы 1 шілдеге дейін бітіруін қамтамасыз етсін;

4)    2016-2017 оқу жылының аяқталуы туралы құжаттар келесі кестеге сәйкес тапсырылсын (1 қосымша)  

5.     Аудандық әдістемелік кабинеті:

1)    негізгі орта білім беру деңгейінде білімін үздікке бітіру туралы құжаттарды алуға үміткер оқушылардың жазбаша жұмыстарын тексеру бойынша комиссия құрсын;

2)    аудармалы емтихандар, таңдау бойынша емтихандардың емтихан материалдарын тексерсін;

3)    мемлекеттік емтихандарда білім бөлімінің өкілдері ретінде қатыссын;

6.    2016-2017 оқу жылын ұйымдасқан түрле аяқтау мақсатында іс-шаралар жоспары бекітілсін. (2 қосымша)

7.    Осы бұйрықтың орындалуын бақылау АӘК меңгерушісі Ю.М.Межоваға жүктелсін.

 

Басшы                                                                                             Ж. Хисымова

Просмотров: 593

Қосымшалар:



Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст