«Балаларды бірге қорғайық» Жол картасын іске асыру аясында 2017 жылдың 2 наурызында «Сарыарқа» АМҮ ата-аналардың аудандық кеңесі өтті кеңесті Сандықтау ауданы білім бөлімінің басшысы Хисымова Жанар Қазбекқызы ашты. Ол қазіргі уақытта балаларды ақпараттық-телекоммуникациялық желілерде кәмелет жасқа толмаған тұтынушылардың саны өсуіне байланысты, ақпараттық қауіпсіздікпен қамту проблемасы маңызды болып табылады. Міне сол себепті балалардың ақпараттық қауіпсіздігіне күресуде маңызды бағыттарды бірі ол ата-аналарды хабардар ету болып табылады.
Іс шараға Сандықтау ауданы әкімінің орынбасары – Қадырова Гүлмар Ерғалиқызы, Ақмола облысы бойынша білім аясын бақылау бойынша Департаменттің басшысы – Абельдинов Ерлан Слямбекович, Сандықтау ауданы прокурорының орынбасары – Айткужин Аргын Нурпеисович, отбасылық тәрбие Институтының психологы – Сарсекеева Юлия Ивановна, жергілікті полиция қызметі басшысының орынбасары – Акпаев Нурбол Ержигитович, Сандықтау ауданды ІІБ кәмелет жасқа толмағандар ісі бойынша инспекторы – Онищенко Александр Михайлович, сонымен қатар балалардың ата-аналары мен заңды өкілдері, аудан мектептерінің директорлары, директорлардың тәрбие ісі жөнгіндегі орынбасарлары, психологтар, әлеуметтік педагогтар қатысты.
Кеңес жұмысының өтуі барысында балалардың интернет желісіндегі қауіпсіздігінің проблемасы жандандырылды; балалардың интернет желісіндегі қауіпсіздлігін үшін ата-аналарға өздерінің жауапкершілігі мен рөлі қозғалды; ата-аналарды интернетпен жұмыс істеген уақытта қауіпсіздік ережелерімен таныстырды.
Кеңес қатысушыларына ауданымыздың оқушылар тобымен түсірілген бейнеролик ұсынылды. Аталған ролик білім бөлімінің, прокуратура, ішкі істер бөлімінің, Сандықтау ауданы жастар ресурстық орталығы қызметкерлерінің оқушылар мен ата-аналар қоғамын Бас прокуратураның «Балаларды бірге қорғайық» жобасымен таныстыру мақсатында негіз болды.
Іс шара қорытындысы бойынша ата-аналарға ескертпе-тағайындамалар мен балалардың желіде отыруының ережесі таратылды.