«Ақмола облысы білім басқармасының Сандықтау ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесіне
Государственное учреждение «Отдел образования по Сандыктаускому району управления образования Акмолинской области»

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Жалпы білім беретін мектеп оқушылары арасында өткен аудандық ІХ «Жарқын болашақ» KATEV қазақ тілі олимпиадасы

27.01.2017

Сандықтау ауданы білім бөлімі 2016-2017 оқу жылының жоспары негізінде 2017 жылы 27 қаңтар күні сағат 10.00-де Максимовка орта мектебі базасында жалпы білім беретін мектептің 7 – 11 сынып оқушылары арасында

ІХ «Жарқын болашақ» KATEV қазақ тілі олимпиадасы өтті. Ауданымызда жыл сайын өтетін бұл шараға ауданның негізгі және орта мектептерінен 60 оқушы қатысты. Олимпиада мақсаты Қазақстан Республикасының «Білім туралы», «Қазақстан Республикасындағы Тіл туралы» Заңдарын іске асыру, бәсекеге қабілетті жас ұрпақты тәрбиелеу,

оқушылардың мемлекеттік тілге, қазақ халқының әдебиетіне, мәдениетіне, өнеріне, ұлттық құндылықтарына деген сүйіспеншілігін арттыру, оны қастерлеуге баулу.

Сайыс бес номинация бойынша өтті. Бірінші «Тілші-әдебиетшілер» сайысы, оқушылар қазақ тілі пәнінен 50 сұрақтан тұратын сынықты 120 минут уақыт ішінде жауап беру. Екінші «Жазушылар» сайысы, аталған сайыста оқушылар берілген тақырыпқа эссе жазады. Эссе көлемі А-5 форматындағы дәптердің 3 беттінен кем болмау керек,

жазбаша жұмысына берілетін уақыт – 120 минут. Үшінші «Сөз шеберлері» сайысы, қазақ тілін ана тілі және шет тілі ретінде үйренген оқушылардың қазақ тілінде мәнерлеп оқып, өзіндік қабілетін көрсететін жарысы. Төртінші «Әнші-бұлбұлдар» сайысы, оқушылардың қазақ тілінде ән айтып, өзіндік қабілетін көрсететін жарысы. Бұл жарыста орындаушының вокалдық қабілеті бағаланады. Соңғы, бесінші «Жас ғалымдар» сайысы. Оқушылардың қазақ тілі мен әдебиетіне қатысты бір тақырыпты қазақ тілінде ғылыми жақтан түсіндіру қабілетін бағалау жарысы. Әр

номинация бойынша оқушылардың өнерлерін бағалаған комиссия мүшелері бекітілді.

Олар: «Әнші-бұлбұлдар» сайысында Әдістеме кабинетінің меңгерушісі Межова Юлия Михайловна, Музыка мектебінің директоры Закутянская Елена Тенгизовна, Балкашин №1 орта мектебінің музыка пәнінің мұғалімі Поляков Геннадий Михайлович, музыка мектебінің мұғалімі Хожина Айгуль Серікбайқызы. «Сөз шеберлері» сайысында Білім

бөлімінің әдіскері Каримжанова Мадина Әмірқызы, Білім бөлімінің мемлекеттік тіл редакторы Наурызова Эльмира Төлегенқызы, Максимовка орта мектебінің қазақ тілі мұғалімі Жуманова Нуркамал Ақылбекқызы. «Тілші-әдебиетшілер» сайысында Балкашин №1 орта мектебінің қазақ тілі мұғалімі Абжанова Мүлкарат Кәдірбекқызы және

Каменка орта мектебінің қазақ тілі мұғалімі Каирова Мереке Шайхқызы.

«Жазушылар» сайысында Балкашин №1 орта мектебінің қазақ тілі мұғалімі Копобаева Баян Төлегенқызы, Кызыл-Казахстанская негізгі мектебінің қазақ тілі мұғалімі Асылбекова Айсұлу Ержанқызы, Максимовка орта мектебінің қазақ тілі мұғалімі Жахина Насима Какенқызы. «Жас ғалымдар» сайысында Білім бөлімінің әдіскері Жусупов

Амангелді Нұркелдіұлы, Жыланды негізгі мектебінің қазақ тілі мұғалімі Амриева Райгүл Жанбайқызы, Сандықтау орта мектебінің қазақ тілі мұғалімі Шарипов Медет Серікұлы.

Қорытынды бойынша «Жас ғалымдар» номинациясында өнер көрсетіп үшінші орынды Балкашин №1 орта мектебінің 7 сынып оқушысы Исмаил Тамирис иеленді.

«Жазушылар» номинациясында үшінші орынды Лесхоз негізгі мектебінің 8-сынып оқушысы Телпекбаева Алина, екінші орынды Веселое орта мектебінің 10 «А» сынып оқушысы Шаяхметова Данель, Сандықтау орта мектебінің

8-сынып оқушысы Парфенова Елена, бірінші орынды Жыланды негізгі мектебінің 7-сынып оқушысы Нұрлахметова Дана иеленді.

«Тілші-әдебиетшілер» номинациясында үшінші орынды Лесное орта мектебінің 11 сынып оқушысы Сайдалинова Шолпан, Қызыл-Қазақстан негізгі мектебінің 8-сынып оқушысы Маканова Сәуле, Новоникольское орта мектебінің

11-сынып оқушысы Иванова Клара, екінші орынды Каменка орта мектебінің 10-сынып оқушысы Кремер Станислав, Веселое орта мектебінің 10 «А» сынып оқушысы Жукенов Еркін, бірінші орынды Балкашин №1 орта мектебінің 10 «Ә» сынып оқушысы Жақсыбаева Әлия иеленді.

«Сөз шеберлері» номинациясында үшінші орынды Қызыл-Қазақстан негізгі мектебінің 8-сынып оқушысы Қоңырбаева Зейнеп, Максимовка орта мектебінің 8-сынып оқушысы Еслямбек Назгүл, Веселое орта мектебінің 8-сынып оқушысы Баймендина Камила, екінші орынды Каменка орта мектебінің 9-сынып оқушысы Барыбина Виктория, Жыланды негізгі мектебінің 9-сынып оқушысы Жанабаева Жансұлу, бірінші орынды Балкашин №1 орта мектебінің 10 «Ә» сынып оқушысы Қадырбек Тоғжан иеленді.

 «Әнші-бұлбұлдар» номинациясында үшінші орынды Максимовка орта мектебінің 8-сынып оқушысы Головко

Мария, Приозерное орта мектебінің 11 сынып оқушысы Қайыржан Махаббат, Лесхоз негізгі мектебінің 8-сынып оқушысы Лобос Анна, екінші орынды Владимировка негізгі мектебінің 9-сынып оқушысы Ганзер Анна, Жыланды негізгі мектебінің 9-сынып оқушысы Төкенова Әлия, бірінші орынды Красная Поляна орта мектебінің

9-сынып оқушысы Селимова Хадишат иеленді.

Іш-шарада жүлделі орын алған оқушыларға мадақтама қағазы, ал орын алмаған оқушыларға қатысқандары үшін

сертификат берілді.

Просмотров: 527


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст