2019 жылдың 13 наурызында Максимовка орта мектебінде аудандық ата-аналар кеңесі өтті. Іс-шара аудан оқушыларының әкелері, мектептер директорлары, директорлардың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, педагог-психологтар қатысты.
Кеңесті Сандықтау ауданы әкімінің міндетін атқарушы Г.Е. Кадырова ашты, ол қазіргі заманның баласын тәрбиелеудегі әкенің рөлін ескеріп кетті. Сәлемдесу сөзінен кейін білім бөлімі басшысының міндетін атқарушысы Ж.Ж. Кайрмденовке берілді.
Кеңес жұмысының барысында Сандықтау орта мектебінің педагог-психологы И.В. Внуковскаямен отбасы психологиясының тақырыбына тренинг өткізілді. Баяндамашылардың сөз сөйлеуінде қазіргі заман балаларының ерекшеліктері, олардың құқықтық тәрбиелерінің маңыздылығы, жасөспірімдік ортадағы негативті құбылыстардың әсері, отбасылық тәрбиенің дәстүрлері туралы көп айтылды.
Максимовка орта мектебінің оқушылары – «Максимум» КТА командасының қатысушыларымен шағын қойылым ұйымдастырылды. Кеңестің аяқталуы бойынша ата-аналар аудандағы алғашқы ата-аналар қарым-қатынасы клубының ашылуына және «М-Арена» жабық хоккей кортына экскурсияға шақырылды.