Текст
Ақмола облысы білім Басқармасының облыстық оқу-әдістеме кабинетінің бастамасы бойынша 14-15 наурыз күндері Көкшетау қаласындағы № 17 ОМГ жанында жас мұғалімдеріне арналған «Жаңа мектепке – жаңашыл ұстаз» конкурс өтті. Сандықтау ауданынан аталған конкурсқа Максимовка ОМ химия, биология мұғалімі Тупик Кристина Валерьевна қатысты. Конкурс бағдарламасы үш кезеңнен құралды. Бірінші кезең – эссе беру, екінші кезең – «Шығармашылық жолдың басталуы» конкурс қатысушыларының өзін өзі таныстыру, үшінші кезең – «Ашық сабақ» - панорамалық сабақ. Конкурс қорытындысы бойынша біздің қатысушымыз грамотамен марапатталды. Жас мұғалімге кәсіби өсім, барлық бастамаларда табыс тілейміз!