Біздің ауданымызда жыл сайын «Үздік педагог» педагогикалық шығармашылықтың конкурсын өткізу дәстүрге айналды. 2019 жылдың 26 сәуірінде педагогтардың кәсіби жарысында ауданның он мектебінен 10 мұғалім қатысты.
Номинациялар келесідей белгіленді: «Зерттеуші-мұғалім» Ж.Б. Нурмаканова (Мәдениет ОМ); «Жасампаз-мұғалім» А.К. Жалкенова (Балкашин №2 ОМ); «Қазақ халқының мәдениетін, тілін, салт – дәстүрін насихаттаушы мұғалім» Б.Ж. Ыбырай (Сандықтау ОМ); «Мамандық пен өмірде жақсылықты іске асырғаны үшін» - О.В. Григорьева (Лесной ОМ); «Іске асыруға деген әрдайымғы қоғалыс үшін» - М.А. Балтабекова (Ұлан НМ); «Өз ісінің шебері» - К.А. Кусаинова (Каменка ОМ); «Қоғамдық тану» номинациясында жеңімпаз Т.М. Солодилова (Максимовка ОМ) атанды.
Қазылар алқасының шешімі бойынша конкурс жүлдегері, үшінші дәрежелі дипломмен Новоникольск ОМ мұғалімі А.С. Абенова, екінші дәрежелі дипломмен Приозерное ОМ мұғалімі С.В. Жмурко марапатталды. Максимовка ОМ мұғалімі Т.М. Солодилова мәртебелі бірінші орынды иеленді. Балкашин №1 ОМ мұғалімі К.О. Болатов Гран-При иегері атанды.
Барлық қатысушылар бағалы сыйлықтармен, ал ГРАН-ПРИ иегері Қостанай облысындағы «Сосновый бор» санаторийіне тегін баруға сертификатпен марапатталды.