Дәстүр бойынша жаңа оқу жылы басталғанға дейін бір ай бұрын, 1 шілдеден жыл сайынғы «Мектепке жол» жалпы республикалық қайырымдылық акциясы бастау алады. Акция оқу жылының басталуына дайындық кезінде халықтың әлеуметтік осал топтарынан шыққан оқушыларға көмек көрсету және қолдау көрсетуге бағытталған.
Ауданымыздың кез келген тұрғыны немесе ұйымы көпбалалы және аз қамтылған отбасынан шыққан балаларға мүмкіндігінше көмек көрсете алады. Материалдық қолдау көрсете алатындардың барлығын игі іске үлес қосуларыңызды сұраймыз. Көмек көрсетудің кез келген түрі – мектеп керек-жарақтары немесе киім-кешек, кеңсе тауарлары, оқулықтар болсын, осының бәрі жаңа оқу жылының басына қолдауды қажет ететін балаларды дайындауға көмектеседі. Қайырымдылық көмек нақты отбасына, балаға немесе мектепке берілуі мүмкін.
Құрметті Сандықтау ауданының тұрғындары!
Акцияға қатысыңыздар! Сіздің қолдауыңызбен біз көп игі істерді атқара аламыз! Біздің әрқайсымызда көмек қолын созуға, әлеуметтік қорғалмаған отбасылардың балаларын бақытты етуге уақыт бар. Білім бөлімі біздің жалпы күш-жігеріміз нәтижелі болатынына сенім білдіреді және ауданның барлық оқушылары 1 қыркүйекте мектеп парталарына білім алуға дайын болып отырады.
Акция өткізу немесе балаларға көмек көрсету туралы барлық сұрақтар бойынша сіз білім бөліміне "шұғыл желі" 87164092852, 87164091701 телефон нөмірлері бойынша немесе сіздің ауылдың мектебіне хабарласа аласыз.