«Ақмола облысы білім басқармасының Сандықтау ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесіне
Государственное учреждение «Отдел образования по Сандыктаускому району управления образования Акмолинской области»

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Тамыз конференциясы – 2019

29.08.2019

2019 жылдың 28 тамыз күні Сандықтау ауданында жаңа оқу жылының басталуына есеп пен жаңа педагогикалық идеялар беретін педагогтар үшін дәстүрлі шара – білім беру ұйымдары қызметкерлерінің педагогикалық тамыз кеңесінің пленарлық отырысы өтті.

Кеңес жұмысына аудан әкімі А.С.Үйсімбаев, Ақмола облысы білім басқармасының мектепке дейінгі және жалпы орта білім бөлімінің басшысы Ә.Т.Сулейменова, Сандықтау аудандық білім бөлімінің басшысы Ж.Ж.Қайрмденов, мектеп директорлары мен ұстаздары, білім беру саласының ардагерлері мен жас мұғалімдер қатысты.

Конференция жұмысы 2018-2019 оқу жылының қорытындысын анықтаудан, яғни, әдістемелік және шығармашылық көрмелерден, мектеп бақшаларынан, робот техникасынан, спорттық жетістіктерден, сондай-ақ облыстық ғылыми жобалар конкурсының жеңімпаз оқушылардың өнер көрсетулерінен басталды.

Пленарлық отырыста білім берудің жаңартылған мазмұн сұрақтары, педагогтің кәсіби ретінде үнемі дамуы мен өзін-өзі жетілдіру қажеттілігі, мектепке дейінгі оқытудың заманауи технологиялары мен әдістері, денсаулық мәдениетіне, отансүйгіштікке тәрбиелеу және қалыптастыру мәселері талқыланды, сонымен қатар 27 тамыз күні Балкашин а. 2 мектебінде өткен педагогтар секциясы жұмысының қорытындысы шығарылды.

Ұстаздарды марапаттау рәсімі салтанатты түрде өтті. Осы күні Мәдениет үйінің сахнасына ауданның үздік мұғалімдері шықты. Оларға Білім және ғылым Министрлігінің, облыстық білім басқармасы мен аудан әкімінің құрмет грамоталары мен алғыс хаттары табыс етілді. Компьютерлік жабдықтар мен робот техникасы кабинетін алу үшін сертификаттар Қызыл-Қазақстан негізгі мектебі мен Балкашин №2 орта мектебінің директорларына берілді.

Аталған шара тамыз конференциясының қонақтары – Үкілі Ыбырай атындағы облыстық филармонияның әртістері өнер көрсеткен мерекелік концертпен өз мәресіне жетті.

Просмотров: 1360


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст