«Ақмола облысы білім басқармасының Сандықтау ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесіне
Государственное учреждение «Отдел образования по Сандыктаускому району управления образования Акмолинской области»

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Жаратылыстану-математика циклінің пәндері бойынша ХІІ Президенттік олимпиаданың облыстық кезеңіне қатысу туралы

27.09.2019

2019 жылдың 24-26 қыркүйек күндері аралығында Степногорск қ. №4 «Болашақ» Облыстық дарынды балаларға арналған мектебінің базасында 11-сынып оқушылары арасында жаратылыстану-математика циклінің пәндері бойынша ХІІ Президенттік олимпиаданың (марафон) облыстық кезеңі болып өтті. Олимпиаданың негізгі мақсаты – оқушылардың жаратылыстану-математика бағытындағы пәндерді меңгеруге қызығушылықтарын арттыру, теориялық білімдері мен қабілеттерін тереңдету, өзін-өзі кәсіби анықтауда тәжірибелік көмек беру болып табылады. Ауданымыздың команда құрамына келесі оқушылар енді: Есімбаев Ілияс, Съезбеков Дидар – Балкашин №1 орта мектебінің оқушылары; Қалиақпарова Ильмира – Новоникольск орта мектебінің оқушысы, Жакупов Данияр – Новоникольск орта мектебінің оқушысы. Олимпиада қатысушылары төрт пән – математика, физика, химия, биология бойынша тапсырмаларды кешендік орындауға қатысты. Сайыстың қорытындысы бойынша күрделі сынақта облыстың 80-нен аса оқушылар арасында бірінші орынды Новоникольск орта мектебінің оқушысы Қалиақпарова Ильмира иеленді! Ильмираны олимпиадаға даярлаған тәлімгерлері – Новоникольск ОМ-нің пән мұғалімдері: Шелега Татьяна Иосифовна (физика пәнінің мұғалімі), Санникова Александра Владимировна (математика пәнінің мұғалімі), Василевич Рустем Аркадьевич (химия, биология пәндерінің мұғалімі). Біз Ильмираны және ХІІ Президенттік олимпиаданың қатысушыларын шын жүректен құттықтаймыз!!! Келешекте зияткерлік, шығармашылық және кәсіби жеңістер тілейміз!!!

Просмотров: 534


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст