«Ақмола облысы білім басқармасының Сандықтау ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесіне
Государственное учреждение «Отдел образования по Сандыктаускому району управления образования Акмолинской области»

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Республикалық акция аясындағы экосағат

03.10.2019

        2019 жылдың 3 қазан күні Балкашин №2 орта мектебінде аудан әкімі Асқарбек Үйсімбаевтың, аудан әкімінің орынбасары Гүлнар Қадырованың, аудандық мәслихат депутаттары Александр Белуханың, Атлан Докаевтың,  білім бөлімінің басшысы Жомарт Қайрмденовтің және мектеп оқушылары мен мұғалімдер құрамының қатысуымен «Экосағат» атты республикалық акция аясында табиғатқа ұқыпты қарау бойынша сынып сағаты өтті.

         Іс-шара қоршаған орта – Жер ғаламшарын қорғау мәселесіне адамзаттың назарын аударуға шақыратын Дүниежүзілік Табиғатты қорғау күніне арналды.

Балалар туған өлкесіне қызығушылық танытты. Асқарбек Үйсімбаевтың сөйлеген сөзінен ауданның эклологиялық жағдайымен танысты, Сандықтау оқу-өндірістік орман шаруашылығы директорының орынбасары Андрей Горбанёвтан қызықтырған сұрақтарына жауап алды.

          Аудан әкімі өз сөзінде оқушыларға «Сендер – ауданымыздың болашағысыңдар, сендердің белсенділіктерің мен алаңдаушылықтарыңнан ауданның дамып, бірнеше жылдардан кейін қандай болатыны тәуелді.

Мен сендердің әрбіреуің қоршаған ортаны сақтайтынын және өз қылықтарына жауап беретіндеріңе сеніммен қараймын.

Баршаңызды туған өлкеміздің табиғатын қорғауға және оның керемет сұлулығын сақтауға шақырамын! Табиғатты қорғайық!» деп жария етті.

Сынып сағатының соңында барлығы мектеп ауласына ағаш отырғызуға аттанды.

          Аудан бойынша осы күні акцияға аудан мектептерінен 800-ге жуық оқушы қатысты. 600 шақты көшеттер отырғызылды.

Просмотров: 568


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст