«Ақмола облысы білім басқармасының Сандықтау ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесіне
Государственное учреждение «Отдел образования по Сандыктаускому району управления образования Акмолинской области»

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«IQanat» аудандық олимпиадасы

15.11.2019

«IQanat» аудандық олимпиадасы

2019 жылдың 15 қараша күні Балкашин №1 орта мектебінің базасында IQanat аудандық олимпиадасының бірінші кезеңі өтті.

Олимпиаданың өту мақсаты – ауыл мектептеріндегі оқушылардың ұлттық және шетел оқу орындарына түсулеріне тең қолжетімділікке ие болуларын қолдау және ынталандыру. Олимпиада бағдарламасына Қазақстан аймақтары бойынша іріктеу кезеңдерінен өту, сондай-ақ еліміз бен әлемнің озық ЖОО-на грантқа және стипендияға дайындалуына қолдау көрсету енеді.

Олимпиадаға ауданымыздың 9 орта және 1 негізгі мектебі қатысты, жалпы қамту 9-сыныптан 49 оқушы. Аудандық олимпиаданың қатысушылары математика, физика, әдебиет, ағылшын тілі бойынша өз білімдерін көрсетті.

Олимпиаданың алдын ала қорытындылары 30 күн ішінде айтылады. Тұжырымды нәтижелер http://iqanat.kz ресми сайтында жарияланатын болады. Екінші кезең сәуір айында өту жоспарланған. Соның қорытындысы бойынша жеңімпаздар республикалық деңгейде облыстың намысын қорғауға жіберіледі.

 

Просмотров: 861


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст