«Ақмола облысы білім басқармасының Сандықтау ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесіне
Государственное учреждение «Отдел образования по Сандыктаускому району управления образования Акмолинской области»

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Үздік педагог

12.10.2022
Сандықтау ауданындағы "Үздік педагог" 
Мектептер мен мектепке дейінгі мекемелер педагогтары арасында "Үздік педагог" атағын беруге арналған педагогикалық шеберлік конкурсы аяқталды. Кәсіби сайысқа аудан мектептерінен сегіз педагог және мектепке дейінгі мекемелердің тәрбиешілері қатысты. Барлық мұғалімдер әртүрлі пәндерді оқытады, әртүрлі еңбек өтілі мен біліктілік санаттарына ие, бірақ олардың таңдаған мамандығына деген адалдығы, сүйікті ісіне деген құштарлығы, оқушыларын сапалы оқытуға және жақсы тәрбиелеуге деген ұмтылысы біріктіреді. Байқаудың барлық қатысушылары өздерінің білім беру ұйымдарының ұжымдарын лайықты түрде ұсынды. Кез-келген жарыстағыдай, "Үздік педагог" байқауында да мықтылар анықталды. "Үздік педагог" атағын берудің екінші кезеңіне өткендер: 
1. Сергеева Надежда Олеговна, Приозерное а. ЖББМ математика пәнінің мұғалімі;
2. Жигалик Ольга Александровна, Максимовка а. ЖББМ орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі;
3. Қайыржанова Салтанат Махмудқызы, Мәдениет а. ЖББМ бастауыш сынып мұғалімі.
Аудандық "Үздік педагог" байқауының барлық қатысушылары мен жеңімпаздарын құттықтаймыз, одан әрі табыс пен шығармашылық жеңістер тілейміз!
Просмотров: 1587


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст