«Өрлеу» БАҰО» «Ақмола облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты» АҚ филиалы шағын жинақталған мектептерінің (ШЖМ) мұғалімдеріне арналған «Біріктірілген сыныптағы үздік сабақ» атты облыстық сырттай конкурс ұйымдастырып, өткізді, оған облысымыздан 42 педагог қатысты.
Конкурс қорытындысы бойынша «Бастауыш мектептегі оқушыларды оқытудың жаңа тәсілдері» номинациясы бойынша бірінші орынды Тлеуова Айгүл Серікқызы (Мәдениет қазақ-орыс орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі), екінші орынды Қайыржанова Салтанат Махмудқызы (Мәдениет қазақ-орыс орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі) иеленді.
«Жаратылыстану-математикалық бағыттағы сабақтарды оқыту сапасын арттыру құралдары мен жолдары» номинациясы бойынша бірінші орынға Сергеева Надежда Олеговна (Приозерное ОМ математика мұғалімі), екінші орынға Абилова Гүлжиян Қалымжанқызы (Мәдениет қазақ-орыс ОМ химия, биология мұғалімі), үшінші орынға Дворникова Ольга Михайловна (Дорогинка НМ математика мұғалімі) және Никонович Ольга Николаевна (Б. Уразалин атындағы Веселое ОМ математика, физика мұғалімі) ие болды.
«Қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы пәндер арқылы оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру» номинациясы бойынша 2 орынды Нұрмақанова Жұлдыз Бекболатқызы, (Мәдениет қазақ-орыс ОМ мұғалімі) алды.
Шын жүректен жеңімпаздарды құттықтап, оларға шығармашылық табыстар мен одан әрі кәсіби жетістіктер тілейміз!